Артқа қайту Өндіріс экологиясы және көміртек ізі: «Ембімұнайгаз» мамандарының қонақ дәрісі
15 ақпан 2026

Өндіріс экологиясы және көміртек ізі: «Ембімұнайгаз» мамандарының қонақ дәрісі

2024 жылғы 29 қарашада Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті білім алушыларына «Ембімұнайгаз» АҚ өкілдері — қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Абитова Сәлима Жолдасқызы және жетекші инженер Утенова Динара Сержанқызы қонақ дәріс өткізді. Дәрістің тақырыбы: «Өндіріс экологиясы. Өндірістің көміртек ізі». Дәріс барысында мамандар мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы экологиялық менеджмент жүйесі, зиянды заттар шығарындыларын бақылау, қоршаған ортаға кері әсерді азайту шаралары туралы баяндады. Көміртек ізі ұғымы, оны есептеу әдістері, экономиканы көміртексіздендіру бойынша халықаралық талаптар және озық технологияларды енгізу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, энергия тиімділігін арттыру, өндірістік қалдықтарды басқару және корпоративтік экологиялық бағдарламаларды іске асыру бағыттары қарастырылды. Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.