Артқа қайту Мұнай-газ химиясы және полиэтилен өндірісі туралы ақпараттық семинар
15 ақпан 2026

Мұнай-газ химиясы және полиэтилен өндірісі туралы ақпараттық семинар

2025 жылғы 18 сәуірде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында 6В05201 – «Қолданбалы экология», 6В05202 – «Экоаналитика», 6В05203 – «Қалдықтарды басқару» білім беру бағдарламаларының 2–4 курс студенттеріне арналған «Қазақстанда полиэтилен өндіру және қолдану» тақырыбында ақпараттық семинар өтті. Іс-шараны «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ және «Силлено» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды. Семинар «Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу. Екінші кезең (полиэтилен өндірісі)» жобасын іске асыру аясында өткізілді. Кездесу барысында мамандар Қазақстандағы, әсіресе Атырау облысындағы мұнай-газ химиясы саласының даму перспективалары туралы баяндады. Полиэтилен өндірудің технологиялық кезеңдері, шикізатты өңдеу ерекшеліктері, заманауи экологиялық талаптар және тұрақты даму қағидаттарын енгізу мәселелері қарастырылды. Семинардың мақсаты: полиэтилен өндіру үдерісімен және негізгі технологиялық аспектілерімен таныстыру; полиэтиленнің құрылыс, қаптама, медицина және басқа салалардағы қолданылу бағыттарын түсіндіру; Қазақстандағы мұнай-газ химиясы индустриясының даму перспективаларын көрсету. Сонымен қатар, өндірістік қалдықтарды басқару, қоршаған ортаға әсерді азайту және эколог мамандардың рөлі туралы маңызды ақпарат берілді. Семинар соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.