Артқа қайту
15 ақпан 2026
Ашық дәріс: су ресурстарын қорғау саласындағы кәсіби тәжірибе
2025 жылғы 19 наурызда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттеріне 2019 жылғы түлек, Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы өкілі Нұрлан Райымбек ашық дәріс өткізді.
Кездесу барысында спикер су ресурстарын қорғау және реттеу саласындағы кәсіби қызметі, бассейндік инспекцияның негізгі бағыттары, су нысандарын ұтымды пайдалану мен қорғауды бақылау жұмыстары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздік, өзен-көлдердің ластануын болдырмау және табиғатты қорғау заңнамасын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Нұрлан Райымбек мемлекеттік инспектор ретіндегі жұмыс ерекшеліктерімен бөлісіп, еңбек жолын бастау тәжірибесі туралы баяндады. Студенттер кәсіби дамуға, өндірістік тәжірибеден өтуге және мансаптық жоспар құруға қатысты пайдалы кеңестер алды. Кездесу соңында ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Мұндай кездесулер университет пен түлектер арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби мотивациясын арттырады.