Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс қызметі саясаты
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ашықтық, адалдық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген әділ академиялық орта қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу, анықтау және болдырмауға, сондай-ақ қызметкерлер мен білім алушылар арасында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Комплаенс қызметінің жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы талаптарына сәйкес және халықаралық антикоррупциялық басқару стандарттарын, оның ішінде ISO 37001:2016 халықаралық стандартын ескере отырып жүзеге асырылады.
Қызметтің мақсаты
Негізгі мақсат — Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, заманауи антикоррупциялық стандарттарды енгізу және университет қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау бойынша тиімді шараларды жүзеге асыру.
Негізгі міндеттер
Осы мақсаттарға жету үшін комплаенс қызметі келесі міндеттерді орындайды:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және болдырмау тетіктерін енгізу;
- университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенін тиімді іске асыру;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес антикоррупциялық саясат қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- қызметкерлер мен студенттер арасында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау және олардың салдарын азайту;
- түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- қызметкерлер мен студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес беру.
Жұмыс қағидаттары
Комплаенс қызметінің қызметі келесі қағидаттарға негізделеді:
- жеткілікті өкілеттіктер мен ресурстардың болуы;
- университет басшылығының қолдауы және қатысуы;
- қызметтің ашықтығы мен жариялылығы;
- шешім қабылдауда тәуелсіздік;
- жүйелілік және үздіксіздік;
- комплаенс механизмдерін тұрақты жетілдіру;
- мамандардың біліктілігін арттыру.
Негізгі қызмет бағыттары
Комплаенс қызметінің негізгі бағыттары:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу;
- академиялық адалдық кодексінің сақталуын бақылау;
- студенттер мен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- заңсыз сыйақы беру фактілерінің алдын алу;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
Университетте студенттер мен қызметкерлердің құқықтық мәдениетін дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын арттыру мақсатында тұрақты түрде түрлі білім беру және ағартушылық іс-шаралар өткізіледі.
Олардың қатарында:
- 14 ақпанда «Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің өзекті мәселелері» форсайт сессиясы өтті.
Форсайт сессияға «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалдарының директорлары (онлайн), «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы филиалының кеңес мүшелері, квазимемлекеттік сектор өкілдері, ЖОО өкілдері қатысты.
https://www.facebook.com/share/v/16f2Srfx7V/
- 28 ақпан Экономика және құқық факультетінің Қылмыстық құқық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы, заң ғылымдарының магистрі Б.К.Тажгаринаның ұйымдастыруымен Жалпы университеттің 1 курс студенттеріне арналған «Құқық негіздер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» пәнінен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының субъектілеріжәне олардың өкілеттіктері» тақырыбынды қонақ дәріс өткізді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Аманиязова Айдана Талғатқызы дәріс қонағы ретінде келіп тақырыпты өзінің практикасымен ұштастыра отырып ашты.
https://www.facebook.com/share/v/1Lh4gbJe2Z/
- 17 сәуір Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Заң және тәртіп айлығы аясында «Жастардың құқықтық сауаттылығы және құқық қорғау органдарына деген сенімдерін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
https://www.facebook.com/share/v/161ivkd4BS/
- 23 сәуір «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облыстық филиалы мен сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «BAIZAAR» сауда ойын - сауық орталығында азаматтарға қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/v/1FaXgejCEm/
- 25 сәуір Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Экономика жане құқық факультетінің «Қылмыстық – құқықтық пәндер» кафедрасының з.ғ.м., сеньор-лектор Б.К.Тажгаринаның ұйымдастыруымен «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» пәнінен «Парақорлық қылмыстық құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» тақырыбында Дене шынықтыру және спорт мамандықтарының 1 курс студенттеріне қонақ дәріс өткізді.
https://www.facebook.com/share/v/19YdJEju29/
- 30 сәуір Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында және Конституцияның 30 жылдығына орай 1-курс студенттері арасында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында жалпыуниверситеттік зияткерлік ойын өтті.
https://www.facebook.com/share/p/16iuDC2XJu/
- 16 мамыр ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен және «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының қолдауымен “Заң және тәртіп” жобасы аясында сотта сөз сөйлеу мен шешендік өнердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқауы өтті.
https://www.facebook.com/share/p/1CYqqNUVhe/
- 27 мамыр «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы бойынша филиалы мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті бірлесе өткізген «Ең үздік бейнеролик» жобасы өтті.
https://www.facebook.com/share/p/1RP23vvqce/
- 29 мамыр Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттерінен құралған «Ар мен Заң» командасы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінле өткен «ANTIPARACRAFT-2025» республикалық антикоррупциялық квест-ойынында жүлделі ІІ орын иеленді!
https://www.facebook.com/share/p/19YAfMKgcK/
- 30 мамырда Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің көшпелі отырысы өтті. Атыраудада өткен отырысқа Агенттіктің төрағасы Асқар Жұмағали, Мәжіліс депутаттары, облыс әкімі Серік Шәпкенов, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, жергілікті департаменттер мен басқарламалардың, құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, өңірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы талқыланды.
- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Академиялық адалдық лигасы сарапшыларының мониторингтік сапары өтті. Сарапшылар құжаттарды қарап, ішкі талқылау өткізіп, ұсыныстар берілген чек-лист ұсынды. Сонымен қатар академиялық адалдық қағидаттарын нығайту үшін амбассадорлар командасы құрылды. Сапардың алдын ала нәтижелері университет басшылығына таныстырылды, ал қорытынды тұжырымдар ресми қорытындыда жарияланады.
https://www.facebook.com/share/p/1DdxKSb1fD/
- 2025 жылдың 3 қазанында 2025–2026 оқу жылында жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингті сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Мұхамбетқалиев Ч.Н. жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі функционалдық міндеттерімен, сондай-ақ университеттің «Академиялық адалдық кодексімен» таныстырылды.
Бұдан бөлек, университетте жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат берілді.
Тренингтің мақсаты — жаңадан қабылданған қызметкерлер арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ университет ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы корпоративтік мәдениетті қалыптастыру болды.
Студенттер республикалық деңгейдегі антикоррупциялық жобалар мен байқауларға белсенді қатысады. Университеттің «Ар мен Заң» командасы ANTIPARACRAFT-2025 республикалық антикоррупциялық квест-ойынында жүлделі ІІ орын иеленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Университетте қызметкерлер үшін тұрақты түрде оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіледі. Жаңадан қабылданған қызметкерлерге арналған арнайы тренингтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және университеттің академиялық адалдық кодексімен таныстыру жүзеге асырылады.
Бұл шаралар университет ұжымында адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.