Артқа қайту Экология департаменті өкілдерінің мемлекеттік қызмет туралы дәрісі
15 ақпан 2026

Экология департаменті өкілдерінің мемлекеттік қызмет туралы дәрісі

2025 жылғы 13 ақпанда Атырау облысы бойынша Экология департаменті өкілдері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 6В05201 – «Қолданбалы экология», 6В05202 – «Экоаналитика», 6В05203 – «Қалдықтарды басқару» білім беру бағдарламаларының 1–4 курс студенттеріне қонақ дәріс өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды мемлекеттік қызметке тарту, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және Қ. Әшімовтің «Адал азамат» идеялары негізінде мемлекеттік қызметшілер қызметінің ерекшеліктеріне патриоттық көзқарас қалыптастыру болды. Дәріс барысында мамандар экология саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау және қадағалау тетіктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, қоғам алдындағы жауапкершілігі, ашықтық пен адалдық қағидаттары кеңінен түсіндірілді. Студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, қойылатын талаптар және кәсіби өсу мүмкіндіктері таныстырылды. Кездесу соңында ашық пікірталас ұйымдастырылып, студенттер өз сұрақтарын қойды.