Университеттің UI GreenMetric рейтингіне қатысу саясаты
Х. Досмухамедов атындағы Атырау университеті 2017 жылдан бері UI GreenMetric World University Rankings халықаралық рейтингіне тұрақты қатысып келеді. 2025 жылы рейтингке әлемнің 105 елінен 1 745 университет қатысты, оның ішінде Атырау университеті әлемдік рейтингте 687-орын алды және Қазақстаннан қатысқан 30 университеттің ішінде 6-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш университеттің тұрақты даму қағидаттарын жүйелі түрде енгізу және өз нәтижелерін халықаралық ашық бағалау арқылы арттыру стратегиясының нәтижесі болып табылады.
Саясаттың мақсаты: Университеттің тұрақты даму көрсеткіштерін жақсарту, экологиялық жауапкершілік пен басқарудың тиімділігін арттыру, сонымен қатар UI GreenMetric рейтингісінің талаптарына сәйкес институционалдық деректерді жүйелі түрде жинау, өңдеу және халықаралық деңгейде жариялау.
Басты бағыттар:
1. Инфрақұрылым және жасыл кампус: кампустың экологиялық инфрақұрылымын жаңарту және “жасыл” практикаларды енгізу.
2. Энергия және климат: энергия тиімділігін арттыру, парниктік газдар шығарындыларын қысқарту.
3. Қалдықтарды басқару: қалдықтарды бөлек жинау, қалдықтарды азайту және қайта өңдеу жүйелерін дамыту.
4. Су ресурстары: кампус аумағында су ресурстарын тиімді пайдалану және үнемдеу.
5. Көлік: экологиялық көлік саясаттарын қолдау және ынталандыру.
6. Білім беру және зерттеу: тұрақты даму тақырыптарын оқу бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерге енгізу, студенттер мен оқытушылардың ақпараттық-қабылдау қабілетін арттыру.
Негізгі нәтижелер мен тәжірибе:
- 2025 жылы университет қабырғасында тұрақты даму және UI GreenMetric халықаралық рейтингі бағытында семинар өтіп, семинар спикері профессор, э.ғ.д., ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Гульбазар Медиева дәріс оқып, практикалық тәжірибеге негізделген нақты ақпараттарымене бөлісті. Сарапшы университеттердің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыру жолдарына кеңінен тоқталды. 1 аптаға созылған семинар аяғында 42 қатысушы сертификатпен табысталды.Бұл білім беру және зерттеу индикаторлары аясында университеттің экологиялық ағартушылық жұмысын көрсетті. https://atyrau.edu.kz/kz/MediaResources/Details/788
- «Балық өнеркәсібінің трендтері мен инновациялары 2025: Global Fishery Forum & Seafood Expo Russia-мен негізгі қорытындылар» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара барысында балық шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар, тұрақты өндіріс қағидаттары, акваөсіруді дамыту және халықаралық тәжірибе нәтижелері талқыланды. Семинар университеттің өңірлік экожүйені сақтау, су биоресурстарын ұтымды пайдалану және ғылыми негізделген шешімдерді білім беру процесіне интеграциялау бағытындағы жұмысын күшейтуге бағытталды. https://atyrau.edu.kz/kz/MediaResources/Details/633
- Университет өңірлік және халықаралық деңгейде экологиялық талқылаулар мен іс-шараларға белсенді қатысады. Бұл қатарына Каспий өңірі елдері университеттері қауымдастығының XXVII Бас Ассамблеясы, «Каспий экожүйесі: ғылым мен білімді біріктіру» тақырыптық форумы және басқа да экологиялық бағыттағы жобалар жатады. https://atyrau.edu.kz/kz/MediaResources/Details/541
Университет тұрақты даму бағытындағы қызметті жекелеген іс-шаралармен шектемейді. Жыл бойы экологиялық тақырыптағы ғылыми-тәжірибелік конференциялар, салалық семинарлар, студенттік жобалар, ағартушылық кездесулер және өңірлік бастамалар жүйелі түрде ұйымдастырылады.
Мониторинг және есептілік: Университет тұрақты түрде UI GreenMetric рейтингісінің 39 индикаторы бойынша көрсеткіштерді жинап, талдап, жыл сайын халықаралық рейтингке деректерді ұсынады. Бұл процесс университеттің тұрақты даму стратегиясының маңызды компоненті болып табылады.
Жалпы бағыт: UI GreenMetric рейтингісі университеттің экологиялық тұрақтылыққа бағытталған қызметін сыртқы бағалау арқылы жақсартуға мүмкіндік береді және университеттің халықаралық көрнекілігін арттырады.