Артқа қайту
15 ақпан 2026
Атырау университетінің студенттері JasSpace Project Challenge 2024 инновациялық жобалар байқауында жүлделі орын алды
2024 жылғы 26 қазанда Атырау облысының жастарында техникалық дағдыларды дамыту мақсатында JasScience жобасы аясында STEAM бағыттары бойынша, «Caravan of Knowledge» ҚҚ, «Еуразиялық Орталық-Азиялық Қор» ҚҚ және Chevron компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған JasSpace Project Challenge 2024 инновациялық жобалар байқауы өтті.
Байқауға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 3 курс «Қолданбалы экология» 6B05201 бағдарламасының студенттері Тезекбаева Алия және Адильбекова Арайлым қатысты. Олардың жобасы креативтілігімен, ғылыми негізділігімен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленіп, 3-ші жүлделі орынды жеңіп алды.
Студенттердің жобасы STEAM технологияларын пайдалана отырып, өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды қамтыды. Байқауға қатысу оларға командалық жұмыс, жобаларды басқару және идеяларын кәсіби алаңда таныстыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Бұл жетістік білімді практикада қолданудың және инновациялық тәсілдерді тиімді біріктірудің үлгісі болды.