Артқа қайту
15 ақпан 2026
«Экология» кафедрасында Теңізшевройл өндірісі бойынша қонақ дәріс
2024 жылғы 29 қазанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Қолданбалы экология» 6B05201 білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері үшін «Теңізшевройл» компаниясының өндірісті пайдалану бойынша консультанты Хайрлиев Әлібек Әкілбекұлы қонақ дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттерге кен орындарының құрылымы мен өндірістік процестер, мұнай өндіру мен өңдеудің заманауи әдістері, өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі, қоршаған ортаға әсерді азайту шаралары туралы ақпарат берілді.
Арнайы назар скважиналарды пайдалану технологиясына, өндіріс қалдықтарын басқаруға, сапаны бақылау және экологиялық мониторингке аударылды. Студенттер мұнай-газ саласы мамандарының қызметімен, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктерімен және ірі өндірістік кәсіпорындардағы мансаптық өсу жолдарымен танысты. Дәріс соңында студенттер интерактивті сұрақ-жауап сессиясында өндірістік процестің барлық қызық аспектілерін талқылады.