Қымбат емес және таза энергия
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл энергия: Күн және жел энергиясы» тақырыбында кураторлық сағат өтті
9 сәуір күні 402-аудиторияда «Қалдықтарды басқару» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері ұйымдастырған «Жасыл энергия: Күн және жел энергиясы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар жаңартылатын энергия көздерінің маңыздылығы, күн және жел энергетикасының артықшылықтары, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға келетін зиянды азайтудағы рөлі туралы пікір алмасты. Студенттер жасыл технологиялардың дамуы жөнінде қызықты мәліметтер ұсынып, экологиялық мәселелерді талқылап, Қазақстандағы тұрақты энергетиканың болашағы жөнінде ой бөлісті.
Сонымен қатар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, парниктік газдар шығарындыларын азайту және жастар арасында экологиялық жауапты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шаралар студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға ықпал етеді.
♻️ Жасыл энергия – таза әрі тұрақты болашақтың кепілі!

- AP19174589 «Платина негізіндегі өтпелі металдардың дихалкогенидтерінің атомдық және электрондық қасиеттеріне ақаулардың әсері»
- The Relationship Between Energy Consumption, Pollution, Economic Growth and ICT: Structural Equation Modeling Approach.
- Assessing energy efficiency in the built environment: A quantile regression analysis of CO2 emissions from buildings and manufacturing sector.
- Цифрлық бизнестің Қазақстанның инновациялық дамуына əсері
- Анализ энергообеспечения в жилищном хозяйств Республики Казахстан
- Отчет по ЦУР 7
- SDG 7 REPORT
-
2017–2026 жылдар аралығында жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша университет қызметінің есебі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті тұрақты даму және экокампус саясаты шеңберінде 2017 жылдан бастап кампус инфрақұрылымына жаңартылатын энергия көздерін кезең-кезеңімен енгізу жұмыстарын жүргізіп келеді. Негізгі мақсат – энергия тиімділігін арттыру, көміртегі шығарындыларын азайту және жасыл технологияларды білім беру үдерісіне интеграциялау. Осы бағытта университет аумағында күн және жел энергиясын пайдалануға арналған инновациялық нысандар орнатылды. 2017 жылдан бастап Solar Gazebo 360 жобасы іске қосылды. Нысан күнді автоматты бақылау жүйесімен жабдықталған және студенттер мен қызметкерлерге арналған демалыс және зарядтау аймағы ретінде қызмет етеді. Қондырғы тәулігіне орта есеппен 2 кВт·сағ дейін электр энергиясын өндіреді. Бұл орталық электр желісіне түсетін жүктемені төмендетуге және энергия тұтыну тиімділігін арттыруға мүмкіндік беруде. Сонымен қатар кампуста Solar Wind Tree орнатылып, күн және жел энергиясын бір мезгілде өндіру жүйесі іске қосылды. Қондырғы тәулігіне 6 кВт·сағ дейін электр энергиясын өндіреді. Алынған энергия қоғамдық кеңістіктерді жарықтандыруға және электронды құрылғыларды зарядтауға пайдаланылады. 2017–2026 жылдар аралығында университет жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында: кампус инфрақұрылымына жасыл технологияларды енгізді; студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған білім беру және практикалық алаң қалыптастырды; энергия тиімділігі мен экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайтты. Алдағы кезеңде университет жаңартылатын энергия үлесін арттыру, энергия үнемдеу технологияларын енгізу және тұрақты даму мақсаттары аясында жобаларды кеңейту жұмыстарын жалғастырады.
- General Report