Басты бет Тұрақты дамуы Аштықты жою
2

Аштықты жою

Аштықты жою
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Тұрақты даму мақсаты №2 – «Аштықты жою» бағытына ауыл шаруашылығы, экология және биоресурстар саласында мамандар даярлау арқылы үлес қосады. Университет аграрлық секторды тұрақты дамытуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады. Тұрақты ауыл шаруашылығы, биоалуантүрлілікті сақтау және агроөнеркәсіптік кешенге инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Білім мен ғылымды және өндірістік серіктестікті ұштастыру арқылы университет азық-түлік тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.
  • “ASU UMIT” ұйымы отбасыларға азық-түлік тарату шарасын өткізді
    Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 2-мақсатына (Аштықты жою) байланысты әлеуметтік қолдау шарасы ұйымдастырылды. Университеттің “ASU UMIT” қайырымдылық ұйымының ұйымдастыруымен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға азық-түлік тарату акциясы өтті. Бұл шара көпбалалы отбасыларға, қарт адамдарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Акция аясында азық-түлік өнімдері таратылып, қоғамдағы әлеуметтік қолдау мен өзара көмек мәдениетін дамытуға үлес қосылды. Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 2-мақсаты – аштықты жою және халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға сәйкес келеді.
  • Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 2-мақсаты (Аштықты жою) аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
    2026 жылы Экономика кафедрасында «Атырау облысының шөлейт аймағында экологиялық таза қой және қозы етін өндіру технологиясы» тақырыбындағы ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Жоба Атырау облыстық бюджеті есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар аясында қолдау тапқан. Зерттеудің негізгі мақсаты – Атырау облысының шөлейт аймағында экологиялық таза қой және қозы етін өндірудің тиімді технологиялық тәсілдерін зерттеу, жүйелеу және практикалық ұсыныстар әзірлеу. Жоба өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға, экологиялық таза өнім өндіруге және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.