Тұрақты даму үшін серіктестік
-
NCOC компаниясының қауіпсіздік техникасы бойынша танымдық дәрісі – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде
2024 жылғы 26 қыркүйекте Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттері үшін NCOC компаниясының өкілдері қауіпсіздік техникасы бойынша танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында студенттер өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдері, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы жұмыс қауіпсіздігінің маңызды аспектілерімен танысты. Студенттер дәріс барысында практикалық мысалдармен және нақты өндірістік жағдайларды талқылау арқылы қауіпсіздік мәдениетінің маңызын түсініп, өздерін кәсіби ортада қорғау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Лекция сондай-ақ студенттердің өндірістік тәжірибеге дайындалуына және қауіпсіздік саласындағы білімдерін жетілдіруге бағытталды.

-
Атырау облысы Экология департаментінің өкілдерінің студенттерге арналған қонақ дәрісі: жастарды мемлекеттік қызметке тарту және патриоттық көзқарасты қалыптастыру
2025 жылғы 13 ақпанда Атырау облысы Экология департаменті өкілдері 1-4 курс студенттері үшін қонақ дәріс өткізді. Дәріс 6В05201-Қолданбалы экология, 6В05202-Экоаналитика, 6В05203-Қалдықтарды басқару бағдарламалары бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттеріне арналды. Лекцияның негізгі мақсаты – жастарды мемлекеттік қызметке тарту, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет ерекшеліктеріне патриоттық көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ студенттерді өңірде тиімді экологиялық басқару принциптерімен және мемлекеттік қызметтің заманауи міндеттерімен таныстыру. Арнайы көңіл К.Ашимов идеяларына берілді, яғни саналы және адал азаматты қалыптастыру, жастардың қоғамдық маңызды бастамаларға қатысуы, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы кәсіби және этикалық стандарттар. Студенттер мемлекеттік құрылымдарда мансап құру бойынша практикалық кеңестер алды, экологиялық реттеу және мониторинг бойынша нақты кейстерді талқылады, сондай-ақ Атырау облысында экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған еріктілік және білім беру жобаларына қатысу мүмкіндіктерімен танысты.

-
NCOC компаниясының қонақ дәрістері: студенттерге сутегі сульфидімен жұмыс және құрылыс қауіпсіздігі
2025 жылғы 29 қаңтарда NCOC компаниясының өкілдері 1-4 курс студенттері үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қонақ дәріс өткізді. Дәрістер сутегі сульфидімен жұмыс істеу қауіпсіздігі және мұнай-газ саласындағы құрылыс қауіпсіздігі мәселелеріне арналды. Студенттерге авариялық жағдайларды болдырмау, қорғаныш құралдарын пайдалану, тәуекелдерді бағалау және өндірістік қауіпсіздік стандарттарын сақтау бойынша практикалық кеңестер берілді. Арнайы көңіл еңбек қауіпсіздігі, қауіпті заттарды бақылау және инженерлік-құрылыс қызметтерінің өзара әрекеттесуіне бөлінді. Дәрістер студенттерге теориялық білімді тереңдетуге ғана емес, өндірістік қауіпсіздікке заманауи тәсілдермен тәжірибеден танысуға мүмкіндік берді.

-
АО «НИПИ «Каспиймунайгаз» және ЖШС «Силлено» студенттерге арналған полиэтилен өндірісі мен қолданылуы туралы ақпараттық семинар
2025 жылғы 18 сәуірде студенттерді Қазақстандағы, әсіресе Атырау облысындағы мұнай-газ-химия өнеркәсібінің дамуы мен перспективалары, сондай-ақ осы саладағы мансап мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында АО «НИПИ «Каспиймунайгаз» және ТОО «Силлено» Атырау университетінде Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті 2–4 курс студенттері үшін 6В05201-Қолданбалы экология, 6В05202-Экоаналитика, 6В05203-Қалдықтарды басқару бағдарламалары бойынша ақпараттық семинар өткізді. Іс-шара «Атырау облысында Бірінші интеграцияланған геохимиялық кешенді салу. Екінші кезең (полиэтилен өндірісі)» жобасын жүзеге асыру шеңберінде өтті. Семинардың мақсаты: Полиэтилен өндірісінің процесімен және негізгі технологиялық аспектілерімен таныстыру; Полиэтиленнің әртүрлі салалардағы қолдану аймақтары; Қазақстандағы мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту перспективаларын көрсету.

-
Дөңгелек үстел: «Қазақстанның тұрақты дамуы: инфрақұрылымды жаңғырту, Каспийді қорғау және экологиялық ағарту»
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында «Қазақстанның тұрақты дамуы: инфрақұрылымды жаңғырту, Каспийді қорғау және экологиялық ағарту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға келесі спикерлер қатысты: Галина Чернова – «Глобус» экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының жетекшісі; Назерке Махметова – «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ғылым және мониторинг бөлімінің жетекшісі; Шынар Изтелеуова – «Жайық-Каспий Орхус орталығының» директоры, қоғамдық пікірдің маңыздылығы мен экологиялық құқықтарды қорғау мәселелері бойынша; Айгүл Кенжалиева – адвокат. Дөңгелек үстел барысында инфрақұрылымды жаңғырту, Каспий теңізін қорғау және экологиялық ағарту мәселелері талқыланып, қатысушылар қоғам мен экологиялық ұйымдардың рөлін атап өтті.

-
Дөңгелек үстел: «NCOC – өндірістік процестердің негізгі аспектілері»
Атырау университетінде «NCOC – өндірістік процестердің негізгі аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті және өндірістік процестерді қауіпсіз және тиімді жүргізудің негізгі аспектілерін таныстырды. Мамандар: Сағиден Ербулеков – «Биоалуантүрлілік және қоршаған ортаны зерттеу» тобының жетекшісі; Асқар Аткнин – «Сапаны бақылау» тобының жетекшісі; Асет Нұрсеитов – «Мұнай төгілуіне дайындық және әрекет ету» тобының жетекшісі; Алтай Бәкіров – қауіпсіздік инженері. Дөңгелек үстел барысында экологиялық бақылау, өндірістік қауіпсіздік, төтенше жағдайларға дайындық және кәсіпорындағы сапаны қамтамасыз ету сияқты тақырыптар талқыланды. Қатысушылар практикалық мысалдар арқылы өнеркәсіптік процестердің қауіпсіздігі мен экологиялық жауапкершілігін көрсетті.

-
«UI GreenMetric және тұрақты даму: Атырау университетіндегі маңызды семинар»
UI GreenMetric және тұрақты даму: Атырау университетіндегі маңызды семинар Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде тұрақты даму және UI GreenMetric халықаралық рейтингі бағытында семинар өтті. Семинар университеттің тұрақты даму саласындағы стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыруға, экологиялық саясатты, ESG қағидаттарын және климаттық күн тәртібін білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастыруға бағытталған. Жиында профессор, э.ғ.д., ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Гульбазар Медиева дәріс оқып, практикалық тәжірибеге негізделген нақты ақпараттарымене бөлісті. Сарапшы университеттердің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыру жолдарына кеңінен тоқталды. Семинар барысында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) іске асыру, жасыл экономика және ESG тәсілдері, климаттың өзгеруі, көміртек бейтараптығына көшу, университет кампустарын экологиялық трансформациялау, сондай-ақ білім беру мен ғылыми зерттеулерді халықаралық рейтингтермен үйлестіру мәселелері талқыланды. Семинарға Атырау облысы бойынша экология департаменті және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының өкілдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Айта кетейік, семинар бұған дейін онлайн форматта өтіп, 25–26 желтоқсан күндері офлайн кезеңмен қорытындыланды. Іс-шара соңында 42 қатысушыға сертификаттар табысталды.

-
Еуразиялық желілік университеттің IV форумы: халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері
Астрахань қаласында «Еуразиялық желілік университет» ғылыми-білім беру консорциумының IV форумы өтті. Ауқымды халықаралық іс-шараның бірлескен ұйымдастырушысы әрі өткізу алаңы В. Н. Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университеті болды. Форум Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өкілдері мен бірыңғай ғылыми-білім беру кеңістігін дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі шетелдік серіктестердің басын қосты. Бүгінде Еуразиялық желілік университет құрамына әртүрлі елдерден 41 жоғары оқу орны енген, ал консорциум өз аясын белсенді түрде кеңейтуді жалғастыруда. Аталған маңызды жиынға университетіміздің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Бақыт Өмірханұлы Алтынбасов қатысты.
Форум аясында өткен отырыста қатысушылар Еуразиялық желілік университетті құру туралы үкіметаралық келісім жобасын талқылап, ЕЖУ – 2026 олимпиадасының қорытындысын шығарды. Сонымен қатар білім беру, ғылым және академиялық ұтқырлық бағыттарындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.
Жиын барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту, ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, қос дипломды бағдарламаларды ілгерілету және консорциумға мүше елдердің университеттері арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Форум шеңберінде университетіміздің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Бақыт Өмірханұлы Алтынбасов жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдерімен бірқатар келіссөз жүргізді. Олардың қатарында Махтумкули атындағы Түрікмен мемлекеттік университеті, С. А. Ниязов атындағы Түрікмен ауыл шаруашылығы университеті, Үргеніш мемлекеттік педагогикалық институты, Беларусь мемлекеттік азық-түлік және химиялық технологиялар университеті, сондай-ақ Inderprastha Engineering College бар.
Кездесулер барысында университетіміздің шетелдік серіктестермен ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, академиялық ұтқырлықты кеңейту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу және халықаралық жобаларды іске асыру бағыттары бойынша өзара әріптестікті нығайтуға басымдық берілді.
Жалпы, форум тәжірибе алмасуға, жоғары білім беруді дамытудың заманауи үрдістерін талқылауға және халықаралық әріптестікті нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды. Еуразиялық желілік университет академиялық алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және жаңа буынның жоғары білікті мамандарын даярлау мүмкіндіктерін кеңейте отырып, бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруды жалғастыруда.

-
BOLASHAK — Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерімен кездесу өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде BOLASHAK — Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерінің қатысуымен халықаралық білім беру бағдарламаларына арналған мазмұнды кездесу өтті. Шара барысында қатысушыларға «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының мүмкіндіктері таныстырылды.
Кездесуді университеттің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ләйлә Қойшығұлова ашып, мұндай бағдарламалардың ғылым мен білім саласының дамуына серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар халықаралық тәжірибе алмасудың жас мамандар мен ғалымдардың кәсіби деңгейін көтерудегі маңызына тоқталды.
Шараға университет оқытушылары, жас ғалымдар, магистранттар және шетелде білім алуға қызығушылық танытқан түлектер жиналды.
Кездесу аясында Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Еркінбаев халықаралық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен қатысушыларға берілетін жаңа мүмкіндіктер жайында баяндады. Сонымен қатар Еуропа және Азия басқармасының бас менеджері Аида Әнуар бағдарламаға қатысу тәртібін түсіндіріп, құжат тапсыру кезеңдері, іріктеу талаптары және ғылыми тағылымдамадан өту шарттары жөнінде нақты ақпарат берді.
Мамандардың айтуынша, ғылыми тағылымдаманың ұзақтығы 3 айдан 12 айға дейін жалғасады. Үміткерлерге шақырту хатының болуы, еңбек тәжірибесі, ғылыми дәрежесі және тілдік дайындық деңгейі бойынша талаптар қойылады. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады: тестілеу, сараптамалық комиссиямен әңгімелесу және республикалық деңгейдегі қорытынды шешім.
Бағдарламаға өтінім қабылдау 2026 жылдың 16 наурызынан 30 қазанына дейін жүргізіледі.
-
Халықаралық байланыстарды нығайту: Атырау университеті делегациясының Әзірбайжанға сапары
2026 жылдың мамыр айында Х. Досмухамедов атындағы Атырау университеті «Экономика және құқық» факультетінің делегациясы – факультет деканы, п.ғ.к. Райхан Уталиева және аға оқытушылар, э.ғ.м. Мейрамгүл Дінғазиева мен Айнұр Тәжіденова академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Сумгаит мемлекеттік университетінде (SDU) болды.
Бұл сапар өте мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Сапардың басты қорытындылары төмендегідей:
Туризмді дамыту: «Business Safari» Networking-платформасында тараптар Атыраудың туристік әлеуетін ілгерілетуді, Каспий маңы өңірінің маркетингін, экологиялық туризмді және бірлескен туристік пакеттерді құру мәселелерін талқылады.
Ғылым және инклюзия: Research Insight сессиясында еңбек нарығын және мүмкіндігі шектеулі жандарды (МШЖ) Атырау өңірінің экономикасына кіріктіруді зерттеген авторлық жобаның нәтижелері ұсынылды.
Білім беру блогы: SDU студенттері мен магистранттары үшін қазақстандық оқытушылар ҚР-дағы цифрландыру, кәсіпкерлік трендтері және стартаптарды қолдау құралдары туралы қонақ дәрісін өткізді.
Түркі мемлекеттерінің интеграциясы: Делегация халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты. Декан Райхан Уталиева түркі елдерінің ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастығы туралы баяндама жасады. Кездесу соңында SDU проректоры Эльмар Халилов қатысушыларға сертификаттар табыс етті.
Алға қойған жоспарлар:
Кездесу қорытындысы бойынша нақты қадамдар белгіленді: ұжымдық монография жазу, бірлескен зерттеулер, воркшоптар, студенттермен алмасу бағдарламалары, тағылымдамалар және Каспий маңы өңіріндегі бизнесті қолдау бойынша жаңа бастамалар.Сумгаит мемлекеттік университетіндегі әріптестерімізге жылы қабылдауы, қонақжайлылығы мен жоғары оқу орындарымыз үшін жаңа көкжиектер ашатын нәтижелі сұхбаты үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

-
NCOC компаниясымен қонақ дәріс өткізілді
2026 жылдың 5 мамырда Білім мен тәжірибені ұштастырып, болашақ мамандардың кәсіби дамуына үлес қосып жүрген NCOC компаниясымен қонақ дәріс өткізілді. Қонақ дәріс барысында студенттеріміз үшін аса маңызды әрі өзекті тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда:
🔹 Нұрлан Гинаятов — жергілікті мемлекеттік органдармен және халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі координатор
Тақырыбы: NCOC компаниясындағы студенттік практика мүмкіндіктері
🔹 Марал Кадеева — эколог-инженер
Тақырыбы: Компанияда жүргізілетін экологиялық зерттеулер
🔹 Асет Нурсеитов — төтенше жағдайларды жою және мұнай төгінділеріне әрекет етуге дайындық жөніндегі топ басшысы
Тақырыбы: Төтенше жағдайлардың алдын алу және мұнай төгінділеріне жедел әрекет ету
🔹 Анара Мурзагалиева — ОЗТОСиБ талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі кеңесші
Тақырыбы: Жоғары қауіпті аймақтарда жұмыс істеу ерекшеліктері
Сонымен қатар, іс-шараға:
🔸 Еркетанова Гульнар — жергілікті мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі топ басшысы
🔸 Амиров Асылбек — осы бағыттағы кеңесші
🔸 Мутышева Гүлсім Қажманқызы — NCOC компаниясының ардагері
қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Атап айтқанда, NCOC компаниясындағы студенттік практика мүмкіндіктері, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы экологиялық зерттеулер, төтенше жағдайлардың алдын алу және мұнай төгінділеріне әрекет етуге дайындық секілді өзекті тақырыптар — қазіргі заман мамандары үшін өте құнды білім көзі.
Кездесу барысында өндірістегі қауіпсіздік, кәсіби мәдениет, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және қоғаммен тиімді байланыс орнату тәжірибесі туралы құнды ақпараттар ұсынылды.
Осындай мазмұнды дәрістер студенттеріміздің кәсіби көзқарасын кеңейтіп, болашаққа сенімді қадам жасауына үлкен серпін береді.
NCOC компаниясының барлық өкілдеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!
-
Атырау университеті «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысты
Бүгін Utebayev University базасындағы М. Асаубаева атындағы креатив орталығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Study in Kazakhstan» атты ауқымды іс-шара басталды. Бұл алаңда еліміздің 40-қа жуық жетекші жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің филиалдары бас қосты.
Аймақтың іргелі оқу орны - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті аталған көрмеде өз павильонын ұсынды. Университет факультеттерінен барған профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттер мектеп және колледж түлектерімен жүздесіп, мамандық таңдау бойынша кәсіби кеңестерімен бөлісті
Маркетинг және кәсіптік бағдар беру бөлімінің жетекшісі Рауза Абылайқызы бастаған университет делегациясы талапкерлерге Атырау университетінің білім беру әлеуетін жан-жақты таныстырды. Кездесу барысында болашақ студенттерге жаңа білім беру бағдарламалары мен инновациялық мамандықтардың артықшылықтары, мемлекеттік гранттар мен оқу орны ұсынатын ішкі жеңілдіктер жүйесі туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастар академиялық ұтқырлық пен қос диплом бағдарламалары арқылы шетелде білім алу мүмкіндіктерімен танысып, университеттегі белсенді студенттік өмір мен болашақ мансаптық даму жолдары туралы тұщымды жауаптар алды
Көрменің ресми ашылу салтанатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралардың жастар үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Атырау университетінің көрмедегі павильонына 2000-нан астам оқушы мен ата-аналар келіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Шара аясында тек ақпараттық жұмыстар ғана емес, сонымен қатар түлектер шеруі, химия пәнінен олимпиада және түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, жастардың студенттік ортаға бейімделуіне жағдай жасалды.
-
Ауқымы кең - ORHUN
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде соңғы жылдары көптеген шетелдік ЖОО-мен тығыз ынтымақтастық байланыс орнату жолға қойылған. Осы шаралар қатарында БОЛАШАҚ халықаралық бағдарламасы, Erasmus+ (Эразмус+) ЕО бағдарламасы, ORHUN, Мевлана халықаралық бағдарламалары орын алуда. ORHUN академиялық алмасу аясында жарияланған конкурстың нәтижесімен университетіміздің Экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Адиетова Эльмира Мизамғалиқызы – Түркия Республикасының Ibn Haldun Университетінде (Ыстанбұл (Стамбул) қаласы) ағымдағы жылдың наурызында шетелдік тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама мақсаты – серіктес ЖОО арасында тәжірибелік алмасуды ұйымдастыру бағытында оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
Алдын-ала бекітілген тағылымдама кестесіне сәйкес, 2025-2026 оқу жылының екінші жарты жылдығында ORHUN бағдарламасымен тағылымдамадан өтудегі ғалым Адиетова Эльмира Мизамғалиқызы Economics Department, School of Business факультетінде, 2-3 курс білім алушы магистранттары мен докторанттарына – Advanced Microeconomics (ECON 603), Microeconomic Analysis (ECON 503), Advanced Econometrics (ECON 604), Statistics-II (STAT 102), Sustainable Development Concept (ECON 604) академиялық пәндері бойынша 2 апталық дәріс және семинар сабақтарын, сонымен қатар, магистратура, докторантура білм алушыларымен кеңес беру бойынша кездесулер өткізді. Экономика саласының докторлары -бизнес мектебі, қауымдастырылған Professor Dr. Asad Ul Islam Khan, Professor Dr. Hasan Vergil, Professor Dr. Muhittun Kaplan-мен зерттеулер жүргізді. Тағылымдама нәтижесінде арнайы сертификат табысталды.
Өзара тәжірибе алмасу, дәріс және семинар сабақтарын жүргізу әдістемесі екі университеттің оқытушылары мен білім алушылары үшін тиімді болды деп санаймыз.
-
«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығымен» меморандумға қол қойылды
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығымен» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандум аясында білім беру бағдарламаларын жетілдіру, студенттердің өндірістік тәжірибесін нақты кәсіпорындарда ұйымдастыру, дуалды оқыту элементтерін енгізу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.
Меморандумға Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті ректоры Саламат Идрисов, ал серіктес ұйымдар тарапынан Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының» Батыс өңірі бойынша бас директоры Еркебұлан Тұрсынбаев қол қойды.
Бұл серіктестік студенттердің кәсіби дамуына кең мүмкіндік беріп, оларды еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, өндіріс мамандарының қатысуымен семинарлар мен тренингтер өткізу көзделген.
