Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар
-
«FUTURE KZ» интеллектуалды сайысы – заң мен тәртіп қағидаты аясындағы жарқын жетістік
Керемет серпілістің куәсі болдық!!!Атырау облысы Полиция департаменті, Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы және Атырау облысы студенттерінің Альянсы бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері арасында «FUTURE KZ» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. «Заң мен тәртіп» қағидасы негізінде ұйымдастырылған куиз ойыны қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң нормаларын тереңірек түсінуге үлкен ықпал етті. Ойын барысында қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау қабілеттерін де көрсете алды. Сұрақтардың мазмұнды әрі өмірмен байланысты болуы іс-шараның танымдық маңызын арттырды. Мұндай куиздер жастардың заңға деген құрметін қалыптастырып, тәртіп пен жауапкершілік ұғымдарын нығайтуға септігін тигізеді. Сайыс қорытындысы бойынша 2 орынға ие болған «Құқық IQ» командасы — Құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламасының студенттері: Қуат Дана Мнаджадинова Динара Уразгалиев Ануар Какимова Аружан Атшыбай Нұрия Мақсот Жанель Өз білімдерін ортаға салып жоғарғы баллдардың бірін жинады. Алғаш рет қатысып отырған студенттеріміздің нәтижесі жаман емес! Студенттердің эмоцияларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Жеңістерімен құттықтаймыз! Алда тек үлкен белестерден көріне беріңіздер

-
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы ашық кездесу: Қылмыстық кодекстегі жаңа баптар түсіндірілді
26 қаңтар күні Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің мүшесі, Қазақстанның құрметті заңгері Құспан Абзал Темірғалиұлы студент жастармен ашық кездесу өтті. 🤝 Кездесу барысында өңірге танымал құқық қорғау органының қызметкерлері мен адвокаттар алқасының төрағасы Қ. Демесинов пен Жолболов қатысты. ⚖️ жиында қазіргі таңда Қылмыстық кодекске жаңадан келген 5 бап новелласы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 📌 Айта кететін болсақ Қылмыстық кодекске енгізілген баптар қыркүйек айының 16 нан бастап қолданысқа енгізілді. Олар: 1. 232-1-бap — «Дропперлік» үшін жауапкершілік — «дропперлік» (банктік карта, шот пен төлем құралдарын үшінші тұлғаға заңсыз беру/пайдалану) үшін қылмыстық жауапкершілік. Бұл құқық бұзушылық үшін айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу не жазаға дейінгі қылмыстық жазалар қарастырылған. 2. 115-1-бap — «Сталкинг» (заңсыз қудалау) сталкинг — адамды келісімінсіз қудалау (ұдайы қоңырау шалу, бақылау, мазалау, психологиялық қысым жасау сияқты) — жеке бап ретінде қарастырылып, оған қылмыстық жауапкершілік енгізілді. 3. 125-1-бap — «Некеге мәжбүрлеу» яғни «Алып қашу» Не келісімінсіз некеге тұрғызғаны үшін белгілі бір әрекеттер қылмыс болып танылып, оларға қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұған адамды мәжбүрлеп неке қию әрекеттері (соның ішінде қыз алып қашу сияқты дәстүрлік құбылыстар) кіреді, әрі онда жаза ауыр көрсеткіштер бойынша белгіленеді. 4. 339‑1‑бап — экология мен табиғатты қорғауға бағытталған жаңа қылмыс құрамы. Бұл бап өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар немесе пайдалануға тыйым салынған түрлерінің бөліктері мен туындыларымен заңсыз айналысу үшін жеке жауапкершілікті белгілейді. 5. 214‑1‑бап — Заңсыз банктік, микроқаржылық қызмет Банктік немесе микроқаржылық қызметті тіркеусіз, сондай‑ақ талап етілетін лицензиясыз немесе рұқсаттар/хабарламалар туралы заң талаптарын бұза отырып жүргізу — құқық бұзу болып табылады. ✨ жиын қызу талқыланып, әртүрлі сұрақтарға жауаптар берілді. Студенттердің қазіргі өзгерістерді біліп депутатқа сұрақ қоюға деген қызығушылықтары іштей бізді қуантады.

-
Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Процесс құпиясы» білім сайысы
Даңқты қолбасшы, жазушы, ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Процесс құпиясы» атты білімділер сайысы өтті. Сайыс экономика және құқық факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы мен Атырау облыстық, қалалық және табиғатты қорғау прокуратураларының бірлесуімен ұйымдастырылды. Іс-шараға тәжірибелі прокурорлар қатысып, әділ төрелік етті. 👩⚖️ Әділқазылар алқасы құрамында облыстық прокуратура өкілдері болды. ⚖️ 5 команда, 5 кезең бойынша өткен сайыста: «Құқық қырандары», «Прокурорлар», «Тергеушілер», «Lawyers», «Судьялар алқасы» командалары өзара бақ сынасты. Сайыстың ашылуында Экономика және құқық факультетінің деканы Уталиева Райхан Сағытжанқызы сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі. 🏆 Жеңімпаздар: 🥇 «Тергеушілер» 🥈 «Lawyers», «Құқық қырандары» 🥉 «Судьялар алқасы», «Прокурорлар» 🎬 «Үздік бейнебаян» — «Lawyers» командасы Бұл білім сайысы студенттердің кәсіби білімі мен құқықтық сауаттылығын арттырып, Бауыржан Момышұлының тағылымды өмірін насихаттауға зор үлес қосты. 🎗️ Іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсеткен Атырау облысы прокуратурасына алғыс білдіреміз!

-
Интернет алаяқтықтың алдын алу: құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде интернет алаяқтықтың алдын алуға арналған кездесу өтті. 📘 Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Экономика және құқық» факультеті, «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасы және «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Атырау облыстық филиалы бірлесіп, «Интернет алаяқтық қылмысынан сақ болайық» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. ⚖️ Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерлету және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілді. 🎤 Кездесуді Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы–ректоры, «ЖАҢАРУ» қозғалысы Атырау облыстық филиалының директоры С.Н. Идрисов ашып, интернет алаяқтықтың қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Ол құзырлы органдардың бұл бағыттағы жұмысы мен азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын ерекше тоқталды. 🔍 Кездесу барысында қатысушылар интернет кеңістігінде жиі кездесетін фишинг, дипфейк, онлайн саудадағы және инвестициялық алаяқтық, SMS және мессенджерлер арқылы жасалатын қылмыс түрлерімен танысып, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар интернеттегі жеке деректерді қорғау, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру бойынша бейнематериалдар көрсетілді. 👏 Кездесу соңында университет ректоры Саламат Идрисов қатысушыларға алғыс хаттар табыстап, интернет алаяқтықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарының жалғасатынын айтты.

-
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі нормаларын медицина қызметкерлеріне түсіндіру
03.03.2026 жылы Атырау қаласындағы №5 қалалық емхана базасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі нормаларын түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Аталған жиынның мақсаты – медицина саласы қызметкерлерінің конституциялық-құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ негізгі заң нормаларының практикалық маңызын айқындау болды. Іс-шара барысында бірқатар спикерлер мазмұнды баяндамалар жасап, Конституцияның өзекті бағыттарына ғылыми-құқықтық тұрғыдан талдау жүргізді. Сапанов Сайпулла Жұмабаевич – тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Х. Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу институты директоры өз сөзінде медицина қызметкерлерінің құқықтық мәртебесіне, олардың кәсіби жауапкершілігі мен заң алдындағы міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Баяндамашы денсаулық сақтау саласындағы қызметтің конституциялық қағидаттармен тікелей байланысын атап өтіп, құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығын негіздеді. Ли Юрий Алексеевич – Атырау қаласы Мәслихаты депутаты мемлекеттік тіл саясаты мәселесін көтеріп, Конституцияда бекітілген тілдік нормалардың мазмұны мен қолданылу аясын түсіндірді. Ол мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі рөліне және өзге тілдердің құқықтық мәртебесіне қатысты қағидаларға ерекше назар аударды. Жағыпар Жадыра Жағыпарқызы – азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымының магистрі Конституция нормаларына құқықтық талдау жасап, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін ғылыми негізде саралады. Баяндамада конституциялық нормалардың құқық қолдану тәжірибесіндегі орны мен маңызы нақты мысалдар арқылы айқындалды. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, құқықтық түсіндіру жұмыстарының практикалық маңызы атап өтілді. Іс-шара медицина саласы қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыруға және Конституция қағидаттарын күнделікті кәсіби қызметте басшылыққа алуға бағытталған маңызды алаң болды.

-
«Заң және тәртіп»: құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу
17 қараша 2025 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Экономика және құқық факультеті, Азаматтық құқықтық пәндері кафедрасы және Атырау облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқықтық маңызы зор іс-шара өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, болашақ заңгерлердің кәсіби көзқарасын кеңейту, құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру және тәжірибе алмасу болды. Шараға құқық саласының беделді мамандары қатысты: • Атаұлан Ернар Абзалұлы – дінтанушы, тарихшы, PhD, «Қазақ даласындағы ислам тарихы» кітабының авторы • Джанғалиева Марьяна Қазбекқызы – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі • Тагаев Жәрдем Маратұлы – Полиция департаментінің бас криминалисті, полиция майоры • Мұханбетәлиев Дәурен Максимович – киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны • Лұқпанов Айдын Мирамбекович – Атырау облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарманың инспекторы, полиция капитаны Ернар Абзалұлы дін мен тарих сабақтастығын жан-жақты таратып, жастар санасында рухани иммунитет қалыптастырудың маңызын атап өтті. Марьяна Қазбекқызы есірткі қылмысының алдын алу мәселесін көтеріп, жастарды жеңіл жолмен келген табыстан сақтандырды және ынталандыру мақсатында өз сыйлығын табыс етті. Жәрдем Маратұлы криминалистика саласының қыр-сырын түсіндіріп, жастар арасында заңсыз қару жасау мен алып жүру фактілеріне назар аударды. Ал Дәурен Максимович киберқылмыстардың түрлері мен олардың жүзеге асу тетіктерін терең талдап берді. Айдын Мирамбекович болашақ құқықтанушылар үшін маңызды ақпарат беріп, полиция органдарына жұмысқа орналасу тәртібі, талаптар мен әлеуметтік кепілдіктер туралы жан-жақты мәліметпен бөлісті. Ол студенттерді оқуды аяқтап, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне үлес қосуға шақырды. Кездесу Студенттер күнімен тұспа-тұс келіп, Заң клиникасының белсенді 3-4 курс студенттеріне Алғыс хаттар, жас мүшелеріне естелік сыйлықтар табысталды. Шара соңында кинолог мамандар қызметтік «Хан» атты арнайы үйретілген иттің көмегімен есірткі затын анықтау тәсілін көрсетіп, студенттерге нақты практикалық тәжірибе ұсынды. Бұл іс-шара студенттер үшін рухани, кәсіби әрі практикалық тұрғыдан үлкен серпін берген тағылымды басқосу болды.-переведи на руский и на английский и напиши заголовок
-
«Қылмыс формуласы» білімділер додасы – «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы зияткерлік сайыс Қылмыс формуласы білімділер додасы ⏱️ Бүгін 01.12.2025ж сағат 09:30 да Қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 6В04201 Құқықтану, 6В04202 Құқық қорғау қызметі ББ 2 курс студенттері арасында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында “Қылмыс формуласы” тақырыбында білімділер додасы өтті. 🎓 Білімділер додасының мақсаты мен міндеттері ➢ Студенттердің Құқықтық білімді тереңдету; ➢ Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы пәнін тереңдетіп, зерделеуге қызығушылықтарын арттыру; ➢ Пікірталас мәдениетін, құқықтық ойлау қабілетін дамыту; ➢ Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, ерекше міндеттерді шеше білуге, қызығушылықтарын оятуға, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге бағыттау; ➢ Командалық жұмысқа баулу. 🎤 Экономика және құқық факультетінің декан орынбасары Масалимова Айгүл Қанатқалиқызы алғы сөзін айтып, сайысымызды ашып берді. ⌛️ сайыс 5 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең «Кел, танысайық!». 1-кезең Бейнебаян тақырыптары – топ мүшелерін, тақырыпқа сай болашақ заңгерлерге Қылмыстық құқығын дәріптеу. Екінші кезең – «Ойлан да, ойна». Сұрақ-жауап айдары. Үшінші кезең – «Бір сәтте тап». Тестке жауап береді. Төртінші кезең – «Фемида жұмбағы». Экранда суреттер көрсетіледі. Экранда көрсетілген 4 сурет Қылмыстық құқыққа байланысты 1 сөзді құрайды. Бесінші кезең - «Case Battle». Бұл айналымда әр топ ситуациялық есеп шешеді. 📝 сайыста әділ қазылар болып: 1. Атырау облысы полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Ідірісов Айбол Қайратұлы 2.Атырау облысы прокурорының көмекшісі, Кіші әділет кеңесшісі Мұханиярова Нұргүл Қуанышқызы 3.Атырау облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының аға тергеушісі полиция подполковнигі Аруов Фархат Аманжолович Өз құқықтық бағаларын берәп, жан-жақты обьективті болуға тырысты. 👩🎓 сайысқа 9 команда 5 құраммен бір сәтте білімдерін уақытқа салып мүмкіндіктерін пайдалана отырып, заң шеңберінде жауап берді. Әрине сайыс болғасын жеңіс бар, жеңіс бар жерде жеңіліс те бар. 🏆 Жеңімпаздарды марапаттау. 🥇ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ Юстиция командасы Құқықтанц мамандығы; 🥈ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ Құқық қорғаушылар және legal streak 🥉ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ law Laine және Фемида командалары жеңіске жетті "Үздік бейне таныстыру" номинациясымен Юстиция марапатталды. 👏🏻 сайыс соңында алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
-
«Заң және тәртіп»: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған кездесу
30 қазан 2025 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті Экономика және құқық факультетінің Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы аға оқытушылары, Заң клиникасының жетекшілері Ж. Жағыпарқызы мен Д.Айтмуханованың ұйымдастыруымен №2 жатақханасында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқықтық кездесу өтті. Кездесу мақсаты: «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жатақханада жатқан білім алушыларға құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кездесуге Атырау облысы адвокаттар алқасының адвокаты Акмурзина Гүләйна Түкпатоллақызы арнайы қатысып, студенттердің құқықтық сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында студенттер адвокатқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты құқықтық кеңестер алды. Шарада киберқылмыстар, заңнамаға жаңадан енгізілген «дроперство», «сталкинг», «некеге мәжбүрлеу» секілді баптар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда өзекті болып отырған алаяқтық, есірткі қылмыстары, және ұсақ бұзақылық мәселелеріне қатысты маңызды ақпараттар берілді. Кездесудің басты мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, заң талаптарын сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған көзқарас қалыптастыру
-
«Интернет алаяқтық қылмысынан сақ болайық» тақырыбындағы кездесу
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультеті, Қылмыстық құқық пәндері кафедрасының ғылыми жоспарына сәйкес «Интернет алаяқтық қылмысынан сақ болайық» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. ✅ Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерлету және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілді.

-
«Құқықтық сауаттылық» тақырыбындағы семинар (Күміс университеті жобасы аясында)
2023 жылдың 3 мамыр күні кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің жұмыс жоспарына сай Күміс университеті жобасы аясында «Құқықтық сауаттылық» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар мақсаты: 50 жастан асқан жандарды құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетін жоғарылатуға, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағыттау. Семинар кезінде тыңдаушылар құқықтық сауаттылығын арттыра отырып құқықтық жауапкершілік, азаматтық құқық, мұрагерлік құқық, әкімшілік жауапкершілік және медиация негіздері туралы толық ақпарат ала алды. Семинарды Экономика және құқық факультетінің оқытушылары Мухамедина А.Е., Айтмұханова Д.О. және Лукманова Н.А. өткізді. Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

-
ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»
Мақсаты: Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, мәжбүрлеуге жол бермеу және біздің мәдениетіміз бен заңнамаға қайшы келетін зорлық-зомбылықтың өзге де нысандары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Атырау қаласы Ғ. Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өзекті тақырыпқа арналған мазмұнды кездесу өтті. Шара барысында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Құқықтану» мамандығының студенттері мен Заң клиникасы студенттері құқық қорғау органдарының мамандарымен жүзбе-жүз тілдесті. Кездесудің басты мақсаты — қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Негізгі талқыланған мәселелер: Жиында заңнамадағы маңызды өзгерістер, атап айтқанда 2025 жылы ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген жаңа баптар жан-жақты талқыланды: 115-1 бап (Сталкинг): Адамның соңына түсу, аңду және оның мазасын алудың құқықтық салдары; 125-1 бап (Некеге тұруға мәжбүрлеу): Қызды алып қашу және еріксіз некеге тұрудың қылмыстық жауапкершілігі. Кездесуге қатынасқан сарапшылар: Атырау Полиция департаменті қызметкерлері: Рима Серікқызы, Дана Сәбитқызы және Роллан Турдалиев заң аясындағы жауапкершілік пен тәртіпті түсіндірсе; Дағдарыс орталығының қызметкері: Динара Омарханқызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға көрсетілетін психологиялық және әлеуметтік көмек тетіктері туралы айтып берді. Экономика және құқық факультетінің Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Дидар Орынбасарқызы қорытындылап, өзінің жылы тілектерін білдірді. Атырау қалалық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Қарағойшиева Римма Серікқызы Атырау қалалық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Суйсенова Дана Сабитқызы Атырау қаласының Мемлекеттік Фельдъегерлік қызмет басқарма бастығының уақытша міндетін атқарушы фельдъегерлік қызмет подполковнигі Турдалиев Роллан Атырау қаласының Мемлекеттік Фельдъегерлік қызмет басқармасының Бас маманы фельдъегерлік қызмет подполковнигі Шаяденов Саламат Ғалымжанович «Жарқын жанұя» қоғамдық бірлестігінің басшысы Кудайбергенова Динара Омарханқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультеті оқытушылары, Заң клиникасының жетекшілері Айтмұханова Дидар Орынбасарқызы, Жағыпар Жадыра Жағыпарқызы студенттерімен қатынасты.
-
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында құқықтану студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шарасы «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында экономикалық-құқық факультетінің «Құқық» мамандығының 2-курс студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шара өткізілді. ⚖️📚 Іс-шара барысында «Хулиганка» және «Не книжные загадки» атты қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, олардың оқу-құқықтық мазмұны студенттерге түсіндірілді. 🎬 Фильмдер арқылы құқыққа қайшы әрекеттердің салдары көрнекі түрде көрсетіліп, жеке жауапкершіліктің маңызы мен қоғамдық өмірдегі қоғамдық тәртіптің рөлі ерекше атап өтілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында құқықтық сананы қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту және әрбір әрекеттің құқықтық жауапкершілікке әкелетінін терең түсіндіру болды. Оқытушылар құқық нормаларын сақтау қажеттілігі мен олардың маңызын жүйелі түрде түсіндірді. 📖 Мұндай іс-шаралар болашақ заңгерлердің кәсіби жауапкершілігін арттырып, оларды заң үстемдігін құрметтеуге тәрбиелейді. Заңға құрмет – өркениетті қоғамның берік негізі. ⚖️✨
-
«Құқықтық мәдениет – татулық пен тұрақтылықтың негізі»
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Қазақстан халқы Ассамблея институты мен Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының Заң клиникасы бірлесіп «Құқықтық мәдениет – татулық пен тұрақтылықтың негізі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сананы арттыру және дау-жанжалдарды құқықтық жолмен шешу тетіктерін кеңінен насихаттау арқылы құқықтық жауапкершілікті күшейту. ⚜️Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің іргетасы және қоғамдық тұрақтылықтың басты кепілі. Қазіргі қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыру, дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешу, келісім мәдениетін дамыту – әлеуметтік шиеленістердің алдын алудың тиімді құралдары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ұйымдастырылған дөңгелек үстел теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыруға бағытталған кешенді алаң қызметін атқарды. 👨🏻🎓Іс-шараға құқық саласының тәжірибелі мамандары: • Атырау облысы Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Бақтығали Нұрлыбек Бақтығалиұлы; • Атырау облысы Адвокаттар алқасы мүшесі, адвокат Есбосын Асан Балғабайұлы; • Атырау нотариаттық округі жекеше нотариусы Айжарикова Альмира Сисеновна, профессор-оқытушылар құрамы мен Құқықтану білім бағдарламасы білім алушылары белсенді қатысты. 📜Баяндамалар мазмұнына талдау 👩🏻🎓Студент Қайырова Зарина баяндамасында жастардың құқықтық сауаттылығы құқықтық мемлекеттің тұрақты дамуының алғышарты екенін атап өтті. Құқықтық білім беру тек ақпарат берумен шектелмей, құқықтық мінез-құлық қалыптастыруға бағытталуы тиіс екені негізделді. 👮♂️Әділет департаменті өкілі Нұрлыбек Бақтығалиұлы баяндамасында мемлекеттік құқықтық саясаттың негізгі бағыттары, құқықтық түсіндіру жұмыстарының маңызы және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру тетіктері сараптады. 👩🏻💻Нотариус Альмира Сисеновна келісім институтының алдын алу функциясына тоқталып, нотариалдық рәсімдердің құқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін көрсетті. Дауларды сотқа жеткізбей шешу – құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейінің көрсеткіші екені дәлелденді. 👨🏻🏫Адвокат Асан Балғабайұлы кәсіби этика нормаларының сақталуы құқықтық қызметтің сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Дауларды шешуде келіссөз жүргізу стратегиясы мен дәлелдеу тактикасының маңызы ғылыми тұрғыдан түсіндірілді. 🎓Практикалық бөлімде қатысушылар үш бағыт бойынша жұмыс жасады: 📝Отбасылық құқықтық дау Тақырып: Ажырасу кезіндегі мүлікті бөлу және бала қамқорлығы Талдау барысында баланың мүддесінің басымдығы, медиативтік тәсілдер, нотариалдық келісім және сотқа дейінгі реттеу жолдары қарастырылды. Қорытынды: келісім мәдениетін дамыту – әлеуметтік тұрақтылық факторы. 📖Азаматтық-құқықтық дау Тақырып: Келісімшарт талаптарының орындалмауы Студенттер адвокатпен дәлелдеу стратегиясын әзірлеп, келіссөз жүргізу тактикасын талқылады. Дауды сотқа дейін реттеу мүмкіндіктері қарастырылды. Қорытынды: тиімді құқықтық стратегия – уақыт пен ресурсты үнемдеудің кепілі. 🛎️Әкімшілік құқық бұзушылық Тақырып: Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу Алдын алу шаралары, құқықтық ағарту және мемлекеттік органдардың рөлі сарапталды. Қорытынды: құқықтық мәдениет профилактикалық сипатта қалыптасуы тиіс. 📝«Ортақ құқықтық бастама» жобасы Топтық жұмыс барысында мамандар студенттермен бірлесіп құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған жобалар әзірледі. Жобалар өзектілігі, практикалық маңыздылығы және жүзеге асырылу мүмкіндігі бойынша бағаланды. Университетпен тығыз ынтымақтастық орнатып, студенттердің тәжірибелік білімін арттыруға қосқан үлесі үшін мамандар ректордың Алғыс хатымен марапатталды. Белсенді студенттерге 🏛️Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры сахнасында қойылатын «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымына билеттер табысталды. ✅Жалпы алғанда, дөңгелек үстел құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызын айқындап, жастардың құқықтық санасын арттыруда нәтижелі қадам болды

-
«Отбасыдағы құқықтық тәрбие» тақырыбында кездесу өтті
Халел Досмұхамедұды атындағы Атырау университетінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Отбасыдағы құқықтық тәрбие» тақырыбында кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты — отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы құқықтық тәрбиенің маңызын насихаттау.
Кездесу барысында отбасының тұлға қалыптастырудағы рөлі, ата-ананың жауапкершілігі, құқықтық мәдениеттің қоғам дамуындағы орны кеңінен сөз болды. Ұйымдастырушылар құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу — мемлекеттің жарқын болашағының кепілі екенін атап өтті.
Шараға арнайы қонақ ретінде Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет аға инспекторы Берік Жандарбек қатысып, студенттермен еркін пікір алмасты. Ол құқықтық тәртіпті сақтау, жастар арасындағы жауапкершілік пен заңға құрмет мәселелері жөнінде ой бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар ҚТӘ мамандығының 1 курс студенті Шұғыла Есетқызы баяндама жасап, отбасы тәрбиесінің құқықтық сана қалыптастырудағы маңызына тоқталды.
Кездесуде студенттер құқықтық тәрбие, отбасы құндылығы және азаматтық жауапкершілік тақырыптарында өз пікірлерін білдіріп, мазмұнды ойларымен бөлісті.

-
Атырау университетінде «Заң және тәртіп – қауіпсіз болашақ» форумы өтті
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз қоғам қалыптастыру мақсатында Х.Досмұхаммедов атындағы Атырау университеті базасында «Заң және тәртіп – қауіпсіз болашақ» атты ауқымды форум өтті. Шара университеттің «Жайық» спорт кешенінде ұйымдастырылып, оған 2000-нан астам студент пен қоғам белсенділері қатысты.
Форумды Атырау облысы полиция департаменті, Жастар ресурстық орталығы және Х.Досмұхаммедов атындағы Атырау университеті бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара барысында интернет-алаяқтықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы және жол қауіпсіздігі мәселелері кеңінен талқыланды. Сала мамандары мен арнайы қонақтар өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, студент жастармен ашық диалог алаңын құрды.Форум аясында университеттің басқарма төрағасы-ректор Салмат Нұрмұханұлы білім ордасында заң мен тәртіп қағидатын нығайту бағытындағы жұмыстарға пікір білдірді. Оның айтуынша, университет үшін қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, ашықтық пен әділдік қағидаттарын сақтау, академиялық адалдықты нығайту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.
– Бүгінде университет қабырғасында студенттердің еркін білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Заң мен тәртіп қағидаты – тек құқықтық талап қана емес, ол қоғамдағы сенім мен жауапкершіліктің негізі. Сондықтан жастардың құқықтық сауатын арттыру және олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру маңызды бағыттардың бірі, – деді ректор.Форумда өңірдің белсенді жастар Атырау облысы полиция департаменті тарапынан арнайы марапаттарға ие болды. Сонымен қатар шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылар QR-код арқылы тест сұрақтарына жауап беріп, арнайы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, жыл басынан бері университет қабырғасында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында қоғам белсенділері, заңгерлер және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен 50-ден астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған бастамалар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға және қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға бағытталған.

-
Университетте Жас сайлаушылар аудиториясы ашылды
Бүгін Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Жас сайлаушылар аудиториясының ресми ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға университеттің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Бақыт Өмірханұлы Алтынбасов, профессор-оқытушылар құрамы, Атырау облыстық және Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, Жас сайлаушылар клубтарының өкілдері, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жас сайлаушылар аудиториясы университеттің Экономика және құқық факультетітінде ашылды. Аудиторияның негізгі мақсаты – студенттер мен жастарға сайлау заңнамасын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық белсенділігін дамыту.
Салтанатты рәсім барысында университеттің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Бақыт Өмірханұлы Алтынбасов пен Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Баянқызы Қыстаубаева қызыл лентаны қиып, аудитория жұмысын ресми түрде бастады.
Өз сөзінде Бақыт Өмірханұлы жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда және олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуында мұндай бастамалардың маңызы зор екенін атап өтті. Ал Әсия Баянқызы жас сайлаушылардың сайлау үдерісіне саналы әрі белсенді қатысуы демократиялық қоғам дамуының маңызды көрсеткіші екенін жеткізді.
Іс-шара аясында Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының Жас сайлаушылар клубтарының жұмысын үйлестіруге жауапты мүшесі Жалғас Амангелдіұлы Халелов жастарға арналған ақпараттық таныстырылым өткізді. Презентация барысында сайлау құқығы, сайлау үдерісіне қатысу тәртібі және жастардың электоралдық мәдениетін арттыру мәселелері қамтылды.
Жас сайлаушылар аудиториясының ашылуы – университет студенттерінің құқықтық білімін кеңейтуге, сайлау мәдениетін қалыптастыруға және жауапты азамат ретінде дамуына бағытталған маңызды қадам.

-
Әскери-оқу практикасының ашылу салтанаты өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде әскери кафедраны аяқтаушы студенттердің әскери-оқу практикасының ашылу салтанатты шарасы өтті.
Салтанатты жиын ашылуында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізіліп және Әнұран орындалды. Жиынның алғашқы құттықтау сөзі Атырау университетінің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Бахыт Алтынбасовқа берілді. Ол өз сөзінде әскери-оқу практикасының студенттер үшін маңызды кезең екенін атап өтіп, болашақ Отан қорғаушыларға жауапкершілік, тәртіп пен табандылық тіледі.
Жиында әскери кафедра бастығы, запастағы полковник Руслан Наурзбеков, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштер ардагерлерінің Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы Асқар Шманов, ҚР Қорғаныс Министрлігі «Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы» бастығы, подполковник Құрманәлі Жүнісбеков студенттерге сәттілік тілеп, әскери дайындықтың ел қауіпсіздігі мен жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.Салтанатты шара барысында студенттер саптық дайындық бойынша өз өнерлерін көрсетіп, әскери тәртіп пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. 324-взвод студенттерінің орындауында қоян-қолтық ұрыс тәсілдері ұсынылды. Қоян-қолтық ұрыс — қарсыласты тез құлату, лақтыру және өзін-өзі қорғау әдістеріне негізделген әскери қолданбалы өнер түрі. Бұл тәсілдер әскери дайындықта, спорттық жарыстарда және күнделікті өмірде өзін қорғау мақсатында кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар 224-взвод студенттері әскери дефиле көрсетті. Әскери дефиле — әскери қызметшілердің парадтар мен байқауларда қару-жарақпен сап түзеу тәсілдерін үйлесімді әрі нақты орындауы. Бұл көрсетілім жеке құрамның жауынгерлік даярлығын, саптық мәдениетін және тәртібін айқындайды.
Шара барысында студент Нұрсейіт Рахметуллиннің әкесі Рахметолла Бақтыгереев ата-аналар атынан құттықтау сөз сөйлесе, әскери кафедра студенті Алмас Құдайберген студенттер атынан алғыс білдіріп, әскери-оқу практикасын абыроймен өткеруге дайын екендерін жеткізді. Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

-
Олжас Сүлейменовтің антиядролық мұрасы насихатталды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақтанның еңбек ері, Халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылуына 35 жыл толуына орай «Ядролық қарусыздандыру және қазіргі әлем» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияда алғашқы болып Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов сөз алып, Қазақстан аумағында жүргізілген ядролық сынақтардың тарихы мен оның халыққа тигізген зардаптары туралы баяндады.
Жиын барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к. Жан Көшербаев «Семей полигонынан жаһандық антиядролық дипломатияға дейін: Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы рөлі» тақырыбында онлайн баяндама жасап, еліміздің бейбіт бастамалары халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанын атап өтті. Ал ф.ғ.к. Қайрат Жаңабай Олжас Сүлейменовтің адамзат өркениеті жолындағы идеялары мен рухани мұрасын кеңінен сөз етті.
Конференцияда Тайсойған сынақ полигоны мәселесі де назардан тыс қалмады. ҚР Президенті жанындағы Адам құқын қорғау орталығының Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Тайсойған полигонының өңір экологиясына әсері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Семей ядролық сынақ полигонының ардагері Мұрат Бектенов «Невада – Семей» қозғалысының ядролық жарылыстарға қарсы халықаралық күрестегі орны туралы мазмұнды ой бөлісті.
Жиында г.ғ.к., профессор-эколог Махамбет Джексенов Семей және Азғыр ядролық сынақ полигондарының өткені мен бүгінгі экологиялық ахуалына тоқталып, ядролық мұраның салдарын ғылыми тұрғыда талдады. Ал Сүйіндік селолық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтыгерей Сейтханов Азғыр сынақ полигоны жөніндегі ойларымен бөлісті.
Шара аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, т.ғ.д. Сайпулла Сапанов Олжас Сүлейменовтің Семей полигонын жабудағы тарихи рөлі мен оның зиялы тұлға ретіндегі ұстанымдары туралы баяндады. Сондай-ақ Атырау облысы Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Білім Қаршыға ұйымның бүгінгі қызметі мен ардагерлерді қолдау бағытындағы жұмыстары жөнінде ақпарат берді.
Конференция соңында қатысушылар ядролық сынақтардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізген зардаптарын тағы бір мәрте атап өтіп, бейбітшілік пен ядролық қарусыз әлем құру жолындағы бастамалардың маңыздылығын айтты. Шара пікір алмасумен қорытындыланып, қатысушылар естелік суретке түсті.
-
Терроризм кезіндегі қауіпсіздік ережелері таныстырылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті №3 жатақханасында, "Ұстаз" мектеп-интернатында «Терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жадынама» тақырыбында маңызды іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер мен жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдыларын дамыту, сондай-ақ терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Кездесу барысында қатысушыларға күдікті жағдайларды дер кезінде анықтау, қауіп төнген сәтте сабыр сақтап, тиісті қызмет органдарына жедел хабар беру, адамдар көп шоғырланған орындарда сақтық шараларын күшейту секілді маңызды мәселелер кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар эвакуация тәртібі, жеке қауіпсіздік ережелері және төтенше жағдайда өзін-өзі ұстау алгоритмдері туралы нақты мысалдар келтірілді.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы дайындаған түсіндіру видеороликтері көрсетіліп, терроризмнің қоғамға тигізетін зардаптары мен оның алдын алу жолдары жан-жақты баяндалды.
Студенттер мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қауіпсіздік тақырыбындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың жауапкершілігін күшейтіп, қауіп-қатерге бей-жай қарамауға тәрбиелейді.

-
Заң клиникасы қоғамдық қабылдау өткізді
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы жанындағы Заң клиникасы студенттік ұйымының ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау өтті.
Іс-шара аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңестер берілді.
Қоғамдық қабылдауға:
🔹Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры - Ризуан Карткужаков;
🔹Атырау облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының анықтаушысы, полиция подполковнигі - Дархан Бұлжанов;
🔹Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - Меруерт Музатова;
🔹 Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы - Айгуль Анжанова;
🔹Атырау облысы Әділет департаментінің Атырау қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушы Гүлбану Аманова;
🔹Атырау облысы адвокаттар алқасының адвокаты - Гулайна Ахмурзина;
🔹Жеке сот орындаушы - Мейрам Кукатов;
🔹Жеке нотариус - Жанар Джолдасбаева қатысты.
Осындай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсетуге үлкен үлес қосады.
-
«Адал азамат – сау өмір» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті
Бүгін Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Жастар саясаты департаменті және Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Қатысушылар құқықтық сауаттылық пен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.Ойын барысында білім алушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзара бәсекеге түсіп, шапшаңдықтары мен білім деңгейлерін дәлелдей білді.
🏆 Нәтижелер:
🥇 1 орын – Экономика және құқық факультеті
🥈 2 орын – Көптілді білім беру факультеті
🥉 3 орын – Студенттік парламентБарлық қатысушыларға белсенділіктері мен жоғары дайындықтары үшін алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
-
«Жаңа Конституция – жарқын болашақ» атты гала-концерт өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Жайық-Арена мәдени-спорт кешенінде «Жаңа Конституция – жарқын болашақ» атты ауқымды гала-концерт өтті.
Мерекелік шараға 2500-ге жуық адам жиналды. Облыс әкімдігі мен серіктес ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылған кеш барысында жаңа Конституцияның ел дамуы мен қоғам өміріндегі маңыздылығы кеңінен насихатталды.
Жиында университеттің басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов сөз сөйлеп, конституциялық жаңғыртулардың білім мен ғылым саласына ықпалына тоқталды. Сонымен қатар, “AMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев және танымал ағайынды математиктер Ақерке мен Мәдина Еркіновалар қоғам өміріндегі реформалардың рөлі жөнінде ой бөлісті.
Кештің концерттік бөлімінде эстрада әншілері Нұрболат Абдуллин мен BYTANAT өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

-
Атырау университетінде Академиялық адалдық лигасы сарапшыларының мониторингтік сапары жалғасты
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Академиялық адалдық лигасы сарапшыларының мониторингтік сапары жалғасты.
Бағдарлама аясында мониторингтік топтың ішкі талқылауы және растаушы құжаттармен жұмысы өтті. Лига сарапшылары тарапынан университеттің жауапты тұлғаларына чек-парақтар (чек-лист) бойынша кеңес берілді.
Кездесуге қатысушылар арасынан амбассадорлар тобы жасақталды. Чек-парақтар мен алынған ұсыныстар негізінде бұл топ алдағы жылға арналған академиялық адалдық принциптерін нығайту бойынша Университеттің алдын ала іс-қимыл жоспарын әзірлеуге кіріседі.
Мониторингтік топ сапар соңында университет ректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлымен және проректорлар корпусымен кездесіп, мониторингтің алдын-ала нәтижелерімен таныстырды.
Қорытынды тұжырымдар ресми қорытынды құжатта көрсетілетін болады.

-
Атырау университеті мен Әділет департаменті меморандумға қол қойды
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы бойынша Әділет департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – Заң клиникасының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау, тараптар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылға қойған стратегиялық міндеттері аясында бірқатар маңызды бағыттары бойынша атқарлылатын шараларды 2026 жылғы жұмыс жоспарына енгізу жөнінде талқыланды.
Шараға Әділет департаменті өкілдері мен Заң клиникасына жетекшілік ететін Азаматтық-құқықтық пәндер және Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Меморандумға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректоры Саламат Идрисов, ал серіктес ұйымдар тарапынан Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Гуланда Кыстаубаева қол қойды.
Сонымен қатар Әділет департаменті Заң клиникасының қызметіне әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп, нотариустарды, адвокаттарды және тәжірибелі заңгерлерді тартуға ықпал етпек. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және сапалы заң көмегін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
-
Меморандумға қол қойды
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы бойынша Әділет департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – Заң клиникасының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау, тараптар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылға қойған стратегиялық міндеттері аясында бірқатар маңызды бағыттары бойынша атқарлылатын шараларды 2026 жылғы жұмыс жоспарына енгізу жөнінде талқыланды.
Шараға Әділет департаменті өкілдері мен Заң клиникасына жетекшілік ететін Азаматтық-құқықтық пәндер және Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Меморандумға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректоры Саламат Идрисов, ал серіктес ұйымдар тарапынан Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Гуланда Кыстаубаева қол қойды.
Сонымен қатар Әділет департаменті Заң клиникасының қызметіне әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп, нотариустарды, адвокаттарды және тәжірибелі заңгерлерді тартуға ықпал етпек. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және сапалы заң көмегін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
- CONSTITUTIVE ELEMENTS OF THE COMPANY CONCEPT ACCORDING TO TURKISH LAW: RULES, EXCEPTIONS AND TRENDS
- SOME ISSUES OF INVESTIGATION OF TERRORIST CRIMES
- АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- COТТAЛҒAН ӘЙEЛДEP ҚҰҚЫҒЫН ҚOPҒAУ
- АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Возмещение имущественных последствий, причиненных уголовным правонарушением
- Зарубежный опыт правового регулирования условно досрочного освобождения и возможности его имплементации в отечественное законодательство
- Problems of legal regulation of countering extremism and terrorism in places of detention
- Актуальные проблемы договора займа в Республике Казахстан» (Текущие проблемы договора займа в Республике Казахстан
- Labor discipline and labor market regulation activities
- Проблема обеспечения баланса в защите прав потерпевшего и защите прав подозреваемого (обвиняемого) в уголовном судопроизводстве
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы тұлғаның жеке басын анықтаудың қазіргі жай-күйі мен перспективалары
- Legal instruments for quality assurance of education
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша жауап алудың ерекшеліктері
- Constitutional model for determining the rights of subjects in the field of subsoil use
- Цифровая трансформация гражданско-правовой инфраструктуры в постсоветских государствах: сравнительный анализ внедрения смарт-контрактов и законодательных вызовов
- Қазақстан Республикасында және шет елдердің заңнамасында шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолданудың теориялық мәселелері
- Начало досудебного раследования в Казахстанском уголовном процессе: теоретические и прикладные проблемы
- Corruption in Kazakhstan: socio-economic consequences and implications for public administration
- Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары үшін жазалау мәселелері
- ОТДЕЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ОПРЕДЕЛЕНИЯ БЕСПОМОЩНОГО СОСТОЯНИЯ ПОТЕРПЕВШИХ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ ПРИ КВАЛИФИКАЦИИ ИЗНАСИЛОВАНИЯ
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР МЕН КУӘГЕРЛЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- «Restrictions and prohibitions imposed on the accused (suspect) when electing house arrest as a measure of prestression
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының криминологиялық аспектілері
- Features of criminal responsibility for criminal participation to suicide in foreign criminal law
- Актуальные проблемы медиации в Республике Казахстан