Климаттың өзгеруімен күрес
-
«Таза Қазақстан»: Атырау университетінде 35 жеміс ағашы отырғызылды
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында игі шара өтті. Аталған бастамаға университет проректорлары, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер белсенді қатысты.
Экологиялық акция барысында оқу орны аумағында 35 жеміс ағашы отырғызылды. Бұл шара қоршаған ортаны қорғауға, көгалдандыру жұмыстарын дамытуға және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

-
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті ұйымдастырған «Ортақ әрекет, ықпал, тәжірибе»
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл» бағыты аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің өкілі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті ұйымдастырған «Ортақ әрекет, ықпал, тәжірибе» аймақтық панелдік дискуссиясына қатысты.
Аталған шараға университеттің Биология және балық шаруашылығы кафедрасының магистрі, сеньор-лекторы Жұматова Гүлшат Ғабитқызы қатысып, «Жайық–Каспий су айдындарындағы балықтардың көбеюі мен дамуының өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірлік деңгейде ғылыми пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және климаттық өзгерістер жағдайында су экожүйелерінің тұрақтылығын сақтау мәселелерін талқылау. Дискуссия барысында су биоресурстарының қазіргі жағдайы, балық популяцияларының көбеюіне әсер ететін экологиялық факторлар және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану жолдары қарастырылды.
-
Атырау университетінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық форум өтті
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Таза Қазақстан – экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму негізі ретінде» тақырыбында облыстық форум өтті. Шараны «Экология» кафедрасы ұйымдастырып, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ғылыми қызығушылығын дамытуға бағытталды.
Форумға облыс бойынша жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Форумда 3–5 адамнан құралған командалар өзара бақ сынады.
Іс-шара барысында қатысушылар климаттың өзгеруі, су ресурстарын тиімді пайдалану, қалдықтарды басқару және «жасыл» технологияларды енгізу сияқты өзекті экологиялық мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, өңірдің тұрақты дамуына бағытталған нақты практикалық шешімдер ұсынылды.
Форумның маңызды бөлігі ретінде өткен форсайт-сессияда командалар 2035 жылға дейінгі экологиялық даму сценарийлерін таныстырды. Қатысушылар қоршаған ортаның қазіргі жағдайына талдау жасап, болашаққа болжамдар ұсынып, экологиялық таза қала мен аумақтардың үлгілерін әзірледі.
Аталған форум жастардың экологиялық ойлауын қалыптастыруға және Қазақстанда тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған маңызды алаңға айналды.

-
“Таза Қазақстан” жобасы аясында қонақ дәріс өтті
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Қолданбалы экология»,«Экоаналитика», «Қалдықтарды басқару» білім беру бағдарламаларының 1–2 курс студенттеріне арналған «Қалдықтар мен төгінділерді басқару» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Шақырылған мамандар — West Dala ЖШС қызметкерлері Айнагүл Бекболатқызы (жетекші эколог) және Ислам Әбиболатұлы (эколог) — студенттер алдында мазмұнды бір сағаттық презентация ұсынды. Олар қалдықтарды басқару жүйесінің негіздері, оларды қауіпсіз жоюдың заманауи әдістері, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жолдары туралы айтып берді.
Іс-шараның практикалық бөлімі — ЛАРН жиынтығын көрсету — ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар төгінділерді жою технологияларымен және жабдықтарды нақты жағдайда қолдану ерекшеліктерімен көрнекі түрде танысу мүмкіндігіне ие болды.
Дәріс интерактивті форматта өтті: студенттер диалогқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікірталастарға араласты. Ең белсенді қатысушылар дұрыс жауаптары үшін естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қызықты әрі танымдық кездесу үшін шақырылған мамандарға алғыс білдіреміз. Оларға алдағы уақытта кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

-
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл» бағыты аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде I Жастар климаттық диалогы «Атырау жастары: климаттың өзгеруі және бейімделу жолдары» атты Climate Talks семинары өтті.
Семинар барысында қатысушылар климаттың өзгеруі және оның табиғи ресурстарға әсері туралы дәрістер тыңдап, практикалық сессиялар мен воркшоптарға қатысты. Іс-шара жастардың климат мәселелері жөніндегі білімін арттыруға және тұрақты даму идеяларын насихаттауға бағытталды.
Сонымен қатар жастардың климат тақырыбына арналған эсселері қаралып, үздік деп танылған жұмыстар Астана қаласындағы Назарбаев университетінде өтетін LCOY ұлттық жастар климаттық конференциясында ұсынылатын болады.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
-
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл» бағыты аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті көктемгі су тасқыны кезеңінде азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Университет ұжымы табиғи апаттың салдарын азайтуға бағытталған бірқатар жедел әрі жүйелі жұмыстар атқарды. Қауіпті кезең басталған сәттен бастап университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер өңірдегі төтенше жағдайға қарсы іс-қимылға белсенді түрде жұмылдырылды.
Жастар саясаты департаменті ерекше белсенділік танытып, ерікті студенттер тобын ұйымдастырды. Департаменттің үйлестіруімен ондаған студент еріктілер арнайы штабқа біріктіріліп, көмек көрсету жұмыстарына тартылды.
Бұл бастама студенттер үшін азаматтық жауапкершіліктің маңызды тәжірибесіне айналып, қиын кезеңде бірлік пен өзара қолдаудың маңызын көрсетті. Университет жастарының бұл әрекеті өңір тұрғындарына моральдық қолдау көрсетіп, табиғи апаттарға қарсы қоғамдық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болды.
- Analysis of the content of hydrogen sulfide in the air of the city of Atyrau.
- ОРГАНИЗАЦИЯ ИННОВАЦИОННЫХ ПОДХОДОВ ВНЕДРЕНИЯ ВОДЯНЫХ СКВАЖИН ДЛЯ ВОДОСНАБЖЕНИЯ СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ
- ENVIRONMENTAL-ECONOMIC INSTRUMENTS OF ENVIRONMENTAL POLICY
- Регулирование цен на рис: формула защиты рынка
- Роль международного сотрудничества по вопросам охраны окружающей среды