Жауапты тұтыну және өндіріс
-
«Эмбамунайгаз» компаниясының өкілдерінің өндіріс экологиясы және көміртегі іздері тақырыбындағы қонақ дәрісі
2024 жылғы 29 қарашада Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттері үшін Эмбамунайгаз компаниясының өкілдері — қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Абитова Салима Жолдасовна және бөлімнің жетекші инженері Утенова Динара Сержановна «Өндіріс экологиясы. Өндірістің көміртегі іздері» тақырыбында қонақ дәріс өткізді. Дәріс барысында студенттер мұнай-газ саласындағы заманауи экологиялық практикалармен, өндірістегі көміртегі ізін азайту және бақылау әдістерімен, корпоративтік экологиялық жауапкершілік бағдарламаларымен және қоршаған ортаға әсерді бағалау құралдарымен танысты. Арнайы көңіл тұрақты табиғат пайдалану мен өндіріс процестеріне экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуге бөлінді. Лекция студенттерге мұнай-газ секторындағы кәсіпорындарда экологиялық менеджменттің заманауи тәсілдерін үйренуге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға және болашақта өндірістік экология мен тұрақты даму саласында кәсіби қызметке дайындалуға мүмкіндік берді.

-
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Экологиялық этикет» тренингі өтті Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Экокампусты дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Экологиялық этикет» атты тренинг өтті. ✅Қалдықтарды сұрыптау бойынша практикалық дағдыларды алу, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үлес қосуды бағыттайтын тренинг экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. ✅Тренинг жетекшісі, эко ерікті Амандыкова Куляш Халитовна қалдықтарды азайтуды және экологиялық тұрақтылықты қолдауды мақсат етті. ✅Осы негізде, Университетіміздің қызметкерлері мен студенттеріне қалдықтарды сұрыптаудың, экологиялық өмір салтын өмірімізге енгізудің маңыздылығын тілге тиек етті. ✅Адам баласының әр қадамы өз ізін қалдыратын біздің әлемде экологиялық этикет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек.
-
Қалдықтарды дұрыс сұрыптау – экологиялық таза өмір салтының негізі
Қалдықтарды дұрыс сұрыптау – экологиялық таза өмір салтының негізі “Қалдықтарды дұрыс сұрыптау” қағидатын ұстана отырып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Экодаму ұйымымен 2022 жылдан бері серіктестік орнатып келеді. Осы уақыт аралығында университет қызметкерлері мен студенттері арасында қалдықтарды дұрыс сұрыптау мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, университетте ай сайын макулатура жинау және тапсыру жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, ресурстарды тиімді пайдалануға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде университет Атырау қаласының жоғары оқу орындары, колледждері мен мектептері арасында макулатура жинау бойынша үздік ТОП-5 ұйымның қатарына енді. Атырау қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлесі үшін ұйым директоры Мейірбек Қуанышев университет ұжымын Алғыс хатпен марапаттады. Алдағы уақытта да серіктестік аясында нәтижелі жұмыстар жалғасады. Қоршаған ортаның тазалығы – әрқайсымыздан басталуы тиіс

-
«Атырау облысы Жылыой ауданында ауыспалы жайылым жүйесін енгізу» ғылыми жобасы (2025 ж.) Атырау облыстық бюджетінен қаржыландыруға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жобалар конкурсы аясында 2025 жылы Экономика кафедрасында «Атырау облысы Жылыой ауданында ауыспалы жайылым жүйесін енгізу» жобасы орындауға енгізіліп, зерттеу жұмысы жүргізілді. Жоба нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімділігінің статистикалық көрсеткіштері зерделеніп, азық-түлік қауіпсіздігі: жайылымға байланысты азық қорының тұрақтылығы, жерді тиімді пайдалану бойынша гектар бойынша мал санының оңтайлы балансын көрсету жұмыстары жүргізілді.
- AP19679897 «Мұнай коксын өндіру процесін басқару үшін интеллектуалдандырылған шешім қабылдау жүйесін әзірлеу»
- Көктайғаққа қарсы препарат
- Recycling of Polypropylene with Vitamin E Additives: Rheological Properties and Mechanical Characteristics.
- ENVIRONMENTAL-ECONOMIC INSTRUMENTS OF ENVIRONMENTAL POLICY
- Аналитический обзор маркетингового исследования потребительского спроса на экологически чистые овощи в Атырауской области
- Анализ энергообеспечения в жилищном хозяйств Республики Казахстан
—