10
Теңсіздікті төмендету
Атырау университетінің инфрақұрылымы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға бейімделген, бұл сапалы білім алуға кедергісіз жағдай жасайды. Университет ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруына, кәсіпкерлік әлеуетін дамытуына және қоғамға толыққанды интеграциялануына қолдау көрсетеді.
Атырау университеті БҰҰ мойындаған барлық елдердің азаматтары үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Әділдік және теңдік қағидаттарына сәйкес шетелдік студенттер үшін бірыңғай оқу ақысы белгіленген.
ТДМ 10-ды (Тұрақты даму мақсаты 10 – теңсіздікті азайту) іске асыру аясында инклюзивті ортаны кеңейтуге, студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға, әлеуметтік шиеленістің алдын алуға және белсенді азаматтық қоғам қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Университетте денсаулық мүмкіндіктері шектеулі студенттерді оқытуға барлық жағдай жасалған. Қолжетімді білім беру ортасы қамтамасыз етіліп, оқу материалдары бейімделеді, арнайы техникалық құралдар ұсынылады және жеке сүйемелдеу ұйымдастырылады. Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау офисі жұмыс істейді, ол психологиялық және педагогикалық көмек көрсетіп, студенттік ортада толерантты әрі инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
-
«Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың еңбек нарығына кіріктірілуінің экономикалық әсері» университетішілік жобасы (2025 ж.) 2025 жылы Экономика кафедрасында университет ішілік жобалар аясында «Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың еңбек нарығына кіріктірілуінің экономикалық әсері» тақырыбындағы жоба жасақталып, жүзеге асырылды (Жоба жетекшісі: PhD Мугаина Р. О.). Жобаның негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың еңбек нарығына интеграциясының әлеуметтік және экономикалық салдарын зерттеу, олардың кәсіптік әлеуетін ашу және еңбек нарығында тең мүмкіндік қағидаттарын қамтамасыз ету болып табылады. Жобаның нәтижелері өңірлік және ұлттық деңгейде еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, әлеуметтік инклюзияны арттыру және әлеуметтік тұрақтылықты қолдау шараларын іске асыруға бағытталған. Аталған бастама Тұрақты даму бағдарламасының «Әлеуметтік тұрақтылық және Теңсіздікті төмендету» бағытының талаптарына сәйкес келеді.
- ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ~ ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ~ PEDAGOGY AND PSYCHOLOGY
- КӘМEЛEТКE ТOЛМAҒAНДAPДЫҢ КӘCІПКEPЛІК ҚЫЗМEТПЕН АЙНАЛЫСУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
- SOCIAL AND ECONOMIC STATUS OF PUBLIC SERVANTS: EXAMINING THE CASES OF THE UK, CANADA, GERMANY, NEW ZEALAND, AND KAZAKHSTAN
- Оценка эффективности мер государственной поддержки этнических казахов, проживающих за рубежом
- КАТЕГОРИЯ СВОБОДЫ В ОБЩЕСТВАХ КОЧЕВЫХ СКОТОВОДОВ
- «Сравнительный анализ изучения отечественного и зарубежного опыта проблем адаптации студентов»
- Үжымдастыру қарсаңындағы (1925-1929 жж.) Гурьев уезінің әкімшілік-территориялық құрылымы, халқының құрамы және қожалықтары: статистикалық мәліметтер талдау
—