Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым
-
«Цифрлық оқыту ортасында бастауыш мектеп сабақтарындағы геймификация» Upgrade біліктілікті арттыру курсы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруға кең мүмкіндігі бар жоғары оқу орны. Қазіргі қоғам талаптарына сай жаңашылдықты жүзеге асыру үздіксіз білім берумен тығыз байланысты болғандықтан, университет 2024 жылдың 17–28 маусымы аралығында «Цифрлық оқыту ортасында бастауыш мектеп сабақтарындағы геймификация» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 72 сағаттық, ақысыз Upgrade біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курс университеттің 1989 ж., 1996ж., 1997 жылдары және кейінгі жылдары оқу орнын тәмамдаған, оның ішінде сырттай бөлімді бітірген түлектеріне арналды. “Upgrade” атауы кәсіби білімді жаңарту мағынасын білдіріп, заманауи талаптарға сай құзыреттілікті жетілдіруге бағытталды. Курс барысында тыңдаушылардың цифрлық сауаттылығы арттырылып, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары меңгертілді. Сонымен қатар бастауыш сынып пәндерінде геймификация әдістерін қолдану дағдылары дамытылды. Курсты Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесі ұйымдастырып, тренерлік қызметті «Бағдарламалық инженерия» және «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедраларының аға оқытушылары, PhD докторлары мен магистрлері атқарды. Курс өз мақсатына жетіп, қатысушыларға кәсіби тұрғыдан жаңа серпін берді.

-
Атырауда облыстық «AI Hackathon – 2026» басталды
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы таланттарды біріктіретін облыстық Хакатон басталды.
24-25 сәуір күндері өтетін бұл додаға Атырау облысының мектеп оқушылары, колледж және университет студенттерінен құралған 24 команда қатысуда. Екі күн бойы қатысушылар жасанды интеллект (AI) негізінде тың идеяларды жүзеге асырып, практикалық шешімдер мен прототиптер әзірлейді.
Биылғы доданың басты ерекшелігі — жасанды интеллект технологияларын қолдануға басымдық берілуі. Қатысушылар келесі бағыттар бойынша бақ сынауда:
• Mobile & Web Development: Пайдалы мобильді қосымшалар мен веб-сервистер;
• AI Models: Зерек алгоритмдер мен интеллектуалды жүйелер;
• Cybersecurity: Ақпараттық қауіпсіздікке арналған инновациялық шешімдер.
Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік жоба иелері университет ректорының атаулы сертификаттарымен марапатталады:
• 🥇 1-орын: Оқу ақысына 100% жеңілдік;
• 🥈 2-орын: Оқу ақысына 50% жеңілдік;
• 🥉 3-орын: Оқу ақысына 30% жеңілдік.
«Хакатон — бұл жай ғана жарыс емес, бұл болашақ инженерлер мен IT мамандарының басын қосатын еркін коммуникациялық алаң. Біздің мақсатымыз — жасанды интеллект тілін меңгерген, ертеңгі күні ел экономикасына үлес қосатын талантты жастарды анықтау», - дейді ұйымдастырушылар.
Жобаларды бағалау барысында қазылар алқасы жасанды интеллект технологияларының тиімді қолданылуына, шешімнің бірегейлігі мен техникалық орындалу сапасына, сондай-ақ идеяның нақты өмірдегі маңыздылығы мен даму әлеуетіне басты назар аударады. Хакатон соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, іс-шараның барысы мен қорытындысы туралы толық ақпарат университеттің ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.
-
«Полипропилен негізіндегі композициялық материалдар саласындағы зерттеулер мен инновациялар»
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Ғылым апталығы аясында «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Полипропилен негізіндегі композициялық материалдар саласындағы зерттеулер мен инновациялар» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шара Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Семинар ғылым мен инновацияны тоғыстырған маңызды алаңға айналып, сала мамандары мен жас зерттеушілердің басын қосты.
Семинар барысында:
заманауи ғылыми зерттеулер мен инновациялық тәсілдер талқыланды;
полимерлер мен композиттік материалдардың даму перспективалары сараланды;
жас ғалымдар мен тәжірибелі мамандар өзара пікір алмасты.Бағдарлама аясында:
полипропиленнің реологиялық қасиеттері;
полимерлі талшықты материалдарды қалыптастыру жолдары;
Е дәрумені арқылы тұрақтандыру механизмдері;
«жасыл химия» қағидаттары кеңінен қарастырылды.Сонымен қатар, STEM тәсілдерін қолдану және цифрлық технологиялар көмегімен полимерлердің құрылымы мен қасиеттерін модельдеу мәселелері де көтерілді.
Аталған семинар тәжірибе алмасуға, жаңа ғылыми идеяларды дамытуға және зерттеу бағыттарын кеңейтуге серпін берген маңызды алаң болды. Ғылымға қадам — жарқын болашаққа бастар жол!

-
AI in Healthcare: әлемнің үздік командалары қатарында!
27–29 наурыз күндері Ташкент қаласында CAU Tech Summit 2026 аясында өткен «AI in Healthcare» халықаралық хакатонының финалы өтті.
Іріктеу кезеңіне әлемнің 17 елінен, соның ішінде АҚШ-тағы University of California, Berkeley, Оңтүстік Кореядағы Ulsan National Institute, Жапония және басқа да елдердің университеттерінен 1200-ден астам студент пен 300+ команда қатысты. Соның ішінен тек 54 үздік команда финалға өтті.
Байқау қорытындысы бойынша, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің командасы ғылыми жетекшісі Ғизатов Асылбек Серікұлының жетекшілігімен 53.66 балл жинап, 18-орынға ие болды. Осылайша, олар халықаралық хакатонның ең мықты командаларының қатарына еніп, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан және Индонезия елдерінің командаларын басып озды
Команда құрамында «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері:
Амангелді Ғалымжан, Жақсылық Бектас, Файзуллаев Миржан, Батырхан Дастан болды.17 елден 300-ден астам команда арасынан іріктеліп, финалға өткен 54 үздік команданың ішінде 18-орын алу — үлкен жетістік және мақтан тұтарлық нәтиже.
Құттықтаймыз!

-
DIGITAL QAZAQSTAN 2026 | Шымкент
2026 жылғы 26–28 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен Digital Qazaqstan 2026 халықаралық форумы еліміздің цифрлық дамуындағы маңызды алаңға айналды. Форум – технология, инновация және жасанды интеллект бағытындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Форумның жаңа форматы Қазақстанның әр өңірін қамтып, білім мен тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді ашуға бағытталған бірегей ұлттық платформа ретінде ерекшеленді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушылары мен білім алушылары аталған форумға қатысып, IT саласындағы соңғы өзгерістермен, жаңа әзірлемелермен және заманауи технологиялық трендтермен танысты.
Форумның негізгі әсері:
Цифрлық сауаттылықты дамыту
Дарынды жастарды қолдау
GovTech және цифрлық мемлекеттік басқаруды дамыту
Стартаптарды құру және инновацияны дамыту
ШОБ және технологиялық бизнесті қолдауОсындай ауқымды іс-шаралар жастардың дамуына, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, еліміздің цифрлық болашағын нығайтуға үлкен серпін береді.

-
«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығымен» меморандумға қол қойылды
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығымен» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандум аясында білім беру бағдарламаларын жетілдіру, студенттердің өндірістік тәжірибесін нақты кәсіпорындарда ұйымдастыру, дуалды оқыту элементтерін енгізу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.
Меморандумға Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті ректоры Саламат Идрисов, ал серіктес ұйымдар тарапынан Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының» Батыс өңірі бойынша бас директоры Еркебұлан Тұрсынбаев қол қойды.
Бұл серіктестік студенттердің кәсіби дамуына кең мүмкіндік беріп, оларды еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, өндіріс мамандарының қатысуымен семинарлар мен тренингтер өткізу көзделген.

- AP22685531 Өзара келісімді потенциалы бар интегралданатын модельдерді зерттеу
- AP19679897 «Мұнай коксын өндіру процесін басқару үшін интеллектуалдандырылған шешім қабылдау жүйесін әзірлеу»
- AP26100713 «Экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу үшін екіншілік полимерлер мен лигнинді пайдалану арқылы төзімді асфальт-бетон жабындарын әзірлеудің іргелі негіздері»
- AP19174589 «Платина негізіндегі өтпелі металдардың дихалкогенидтерінің атомдық және электрондық қасиеттеріне ақаулардың әсері»
- Сілтілік ортада натрий формиатын алу тәсілі
- Development of New Control Charts to Monitor Product Failure Times with Normal and Log Normal Distributions.
- An effective method and model: For optimizing production taking into account environmental.
- Development of an Intelligent System for Evaluating Risk Factors Affecting Public Transport Drivers.
- ОРГАНИЗАЦИЯ ИННОВАЦИОННЫХ ПОДХОДОВ ВНЕДРЕНИЯ ВОДЯНЫХ СКВАЖИН ДЛЯ ВОДОСНАБЖЕНИЯ СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ
- Оқу процесін ұйымдастыру және цифрландыру
- STRATEGIC PLANNING IN THE MANAGEMENT OF CULTURAL AND ART ORGANIZATIONS
- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ: ӨҢІРЛЕР ТҰРҒЫСЫНАН
- Social and cultural aspects of Western Kazakhstan during the second world war
- Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасының әлеуетінің қалыптасу жағдайын бағалау
- «Оценка и выявление проблем в инновационном развитии транспортно-логистической системы Казахстана
- Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы салық-бюджет жүйесін трансформациялау
- Development of the company's internal control system in the digital economy
- Digital transformation in Kazakhstan: customer experience management
- Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудағы ғылыми зерттеулердің библиометрикалық талдауы
- Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының цифрлық трансформациясын бағалау: инновациялық және экологиялық аспектілер
- Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының цифрлық трансформациясын бағалау: инновациялық және экологиялық аспектілер
- Новые объекты учета в системе обеспечения экономической безопасности строительных организаций
- Оценка экономического потенциала ядерного туризма на примере Семипалатинского испытательного полигона
- DEVELOPMENT OF ELECTRIC TRANSPORT INFRASTRUCTURE IN KAZAKHSTAN
- Formation of new innovative technologies for the development of agriculture in the Republic of Kazakhstan
- Опыт развития финтех-технологий в банковском секторе зарубежных стран в сравнении с опытом Казахстана