Студенттік тапқырлық пен өнер додасы: Asu-Liga Жайдарман ойындары мәресіне жетті
Университетімізде студенттердің шығармашылық әлеуетін шыңдайтын, тапқырлық пен сахна мәдениетін қалыптастыратын «Asu-Liga» Жайдарман ойындарының финалдық кезеңі өтті. Жастардың еркін ойлау қабілетін арттыруға бағытталған бұл дода тартысты бәсеке мен мазмұнды әзілге толы болды.
Финалдық кезеңде үш факультеттің таңдаулы командалары бақ сынады:
• «Идеал» – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті;
• «Жайық» – Инновациялық білім беру факультеті;
• «Квинта» – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті.
Қатысушылар «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап» және «Жұлдызбен үй тапсырмасы» атты үш кезең бойынша өзара мықтыны анықтады. Сайыс барысында командалардың креативті қойылымдары мен сахналық дайындығына ерекше назар аударылды.
Ойыншылардың өнеріне кәсіби мамандар мен тәжірибелі жайдарманшылардан құралған қазылар алқасы төрелік етті: Альбина Адилова, Бекарыс Әлібиұлы Закария, Фархат Өмірзақ, Әлішер Берікұлы және Жасұлан Талғатұлы.
Қазылар алқасының шешімімен жиналған ұпай сандары бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын: «Квинта» командасы (14,4 ұпай);
II орын: «Идеал» командасы (13,2 ұпай);
III орын: «Жайық» командасы (12,6 ұпай).
Сондай-ақ, ойын нәтижесі бойынша ерекше көзге түскен қатысушыларға арнайы номинациялар табысталды:
• «Көрермен көзайымы»: «Жайық» командасы;
• «Үздік ойыншы»: Наурызбек Бақдаулет («Идеал» командасы).
Университет қабырғасында өтетін мұндай шығармашылық додалар – білім алушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мен мәдени ортаны қалыптастырудың ажырамас бөлігі.