Құқықтық сауаттылық – қоғам қауіпсіздігінің негізі!
Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті, Экономика және құқық факультеті Заң клиникасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Құқықтану және құқық қорғау қызметінің студенттеріне арнап дәріс жүргізілді.
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокурорлары – Карткужаков Ризуан Бекболатұлы мен Бурабек Нұрсұлтан Бауыржанұлы «Сталкинг, буллинг және дропперлік қылмыстық құқықбұзушылықтар» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
Аталған іс-шараға құқықтану және құқыққорғау қызметі мамандығының 2–3 курс студенттері, сондай-ақ заң клиникасының білім алушылары белсенді қатысты. Дәріс барысында құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары мен жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында студенттер тарапынан өзекті сұрақтар қойылды:
3-курс студенттері Қылмыстық кодекстің есірткіге қатысты баптарын саралау және қылмыстық заңнамаға жаңадан енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары туралы сұрақтар қойды. Прокурорлар сұрақтарға нақты жауап беріп, болашақ заңгерлерге кәсіби бағыт-бағдар берді. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелейді.
📷 Дополнительные изображения