Media Image
31.03.2026 8

«MODEL 2.1.5. ÖZGE_MEN» атты класс концерті өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Қазақстанның халық әртісі, профессор Айгүл Үлкенбаева және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD, доцент Ержан Жаменкеев шәкірттерінің «MODEL 2.1.5. ÖZGE_MEN» атты класс концерті өтті.

Кештің басында университеттің басқарма төрағасы – ректор Саламат Нұрмұханұлы Идрисов сөз сөйлеп, өз сөзінде концертті жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан Гаухар Қошқарбекқызына алғыс білдіріп, оның кәсіби біліктілігі, шығармашылық ізденісі мен ұйымдастырушылық қабілетін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, мәдениет пен өнер саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыстады.

Кеш барысында шәкірттер өз өнерлерін паш етіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Кеш тізгінін өнертану ғылымдарының кандидаты, музыкатанушы Бақыт Тұрмағамбетова жүргізсе, арнайы қонақ ретінде дәстүрлі әнші Жайна Тарғынова өнер көрсетті

📷 Дополнительные изображения