Media Image
26.03.2026 6

Ғылыми мақала жазу тәжірибесіне арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Гуманитарлық ғылымдардағы ғылыми мақалаларды жариялау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара AR26103857 «Адам капиталының қосылған құнын экономикалық бағалау және оның өмір сапасына әсері» ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел қонағы экономика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Болатқызы.

Іс-шара аясында университеттің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Нұрмұханұлы экономика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Болатқызына университетіміздің арнайы төсбелгісін табыс етті.

Дөңгелек үстел барысында спикер докторанттарды сапалы даярлау, олардың ғылыми әлеуетін арттыру және зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, докторанттар үшін ғылыми мақаланы дұрыс жазудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Спикердің айтуынша, ғылыми мақала – зерттеушінің атқарған жұмысының нақты нәтижесі мен көрсеткіші. Сондықтан әрбір мақала терең зерттеуге, нақты деректерге және ғылыми талдауға негізделуі тиіс.

Сондай-ақ, ғылыми мақаланың тақырыбы міндетті түрде өзекті, қоғам мен ғылым үшін маңызды болуы керектігі ерекше атап өтілді.

Бұдан бөлек, ғылыми мақаланың маңызы, оның зерттеуші үшін де, жалпы ғылым дамуы үшін де рөлі түсіндіріліп, «неге ғылыми мақала жазылу керек?» деген сұраққа жан-жақты жауап берілді.