Media Image
19.03.2026 10

«ӨНДІРІСТЕГІ IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында семинар өтті

18–19 наурыз күндері Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Информатика кафедрасы «Өндірістегі IT-технологиялар» тақырыбында Tengizchevroil (ТШО) компаниясы мамандарының қатысуымен семинар өткізді.

Семинар аясында қатысушыларға өндірісте заманауи IT-технологияларды қолдану бойынша өзекті әрі тәжірибеге бағытталған ақпарат ұсынылды.

Киберқауіпсіздік, деректерді талдау және өндірістік үдерістердегі жасанды интеллект мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ өнеркәсіптің дамуына цифрлық технологиялардың ықпалы мен цифрлық трансформация мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Спикерлер:
Асет Қырымқұлов (Tengizchevroil) — киберқауіпсіздік мәселелері бойынша баяндама жасады;
Рүстем Құсайынов (Tengizchevroil) — «ТШО-дағы Data Analytics және AI: өндіріс үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинарға студенттер, оқытушылар және IT саласының мамандары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар мазмұнды сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алып, өз пікірлерімен бөлісті.
Семинар тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берген ашық диалог форматында өтті.
Іс-шара IT және өнеркәсіп саласындағы өзекті трендтерді талқылап, білім алмасу мен ынтымақтастықты дамытуға арналған тиімді алаң болды.

Спикерлерге мазмұнды баяндамалары мен білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!