Атырау университетінде жаңа Конституцияның маңызы талқыланды
Бүгін Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында еліміздегі референдум қорытындылары мен конституциялық реформалардың тарихи маңызы сараланды.
Іс-шараны университеттің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов ашып, қатысушыларды Амал мерекесімен және Наурызнама онкүндігінің басталуымен құттықтады. Ректор өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі» деген сөзін негізге ала отырып, бұл науқанның қоғам бірлігін көрсеткенін атап өтті.
«Референдумға халықтың белсенді қатысуы – елдің демократиялық даму жолындағы маңызды қадамдарының бірі. Университет ұжымы да бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстарына белсенді атсалысты», – деді Саламат Нұрмұханұлы.
Дөңгелек үстелде «Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Сапанов Сағидулла Жұмабайұлы баяндама жасап, Конституциялық реформалардың тарихи маңызына тоқталды.
Сонымен қатар университеттің стратегия және интернационаландыру жөніндегі проректоры Алтынбасов Бақыт Өмірханұлы мен әлеуметтік мәселелер және жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы Адилова Эльвира Русланқызы өз пікірлерін білдірді.
Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституцияның әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлі туралы пікір алмасты.
📷 Дополнительные изображения