Media Image
11.03.2026 6

Хабарландыру!


НАО «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы

Тапсырыс беруші: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Студенттік даңғылы, 1

БСН: 990240001891

Сатып алу тәсілі: Баға ұсыныстарын сұрату

Ұсыныстарды қабылдау басталатын мерзім: 2026 жылғы 11 наурыз, сағат 09:00

Ұсыныстарды қабылдау аяқталатын мерзім: 2026 жылғы 17наурыз, сағат 18:00-ге дейін

Ұсыныстарды ұсыну тілі: қазақ / орыс тілдері

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Сатып алуға Сатып алу комиссиясының төрағасымен немесе мүшелерімен, ғылыми жобалардың жетекшілерімен, сондай-ақ ғылыми жобаларды іске асыру тобының (командасының) құрамына кіретін қызметкерлермен аффилиирленген қатынастағы әлеуетті жеткізушілер қатыса алмайды.

2. Әлеуетті жеткізушілер заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс.

3. Әлеуетті жеткізушілердің мемлекеттік тіркеу мерзімі тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алу бойынша өтінім берілген күнге дейін кемінде 1 (бір) жыл болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушілер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізілімінде болмауы тиіс.

Баға немесе коммерциялық ұсыныстардың (прайс-парақтардың) мазмұны:

• Қатысушының толық атауы, заңды және нақты мекенжайы;

• Телефон нөмірі, электрондық пошта, банктік деректемелері;

• Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық әрі нақты спецификациясы;

• Бірлік бағасы және жалпы бағасы, барлық шығындарды ескере отырып, ҚҚС-сыз;

• Тауарды жеткізу мерзімі, жұмыстарды орындау/қызметтерді көрсету кестесі (кезеңдер немесе нақты күндер бойынша);

• Кепілдік мерзімдері, сапалық сүйемелдеу шарттары;

• Төлем шарттары.

Ақпараттың дұрыстығына жауапкершілік:

Жалған немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дисквалификация немесе өзге де санкциялар қолданылады.

Баға немесе коммерциялық ұсыныстар (прайс-парақтар) келесі электрондық пошта мекенжайына жолдануы тиіс: kense@asu.edu.kz

Ескертпе / ерекше шарттар:

• Ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен ұсыныстар қарастырылмайды.

 

📎 Прикрепленные документы

перечень оборуд ПЦФ 2026.pdf
Формат: PDF