Атырау университетінде амал мерекесі тойлануда
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетіне қарасты Экономика кафедрасында “Көрісу – ұлттық құндылық және ұрпақ сабақтастығы” атты мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер Көрісу күніне арналған көрініс қойып, домбырамен күй орындап, ән шырқап, ұлттық билер биледі.
Сонымен қатар, мерекеде ұлттық тағамдар ұсынылып, қатысушылар дастарханнан дәм татты. Іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарының маңызы туралы айтылып, қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.