Media Image
06.03.2026 6

Білім мен тиімді жоспар — табыстың кілті!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымд. профессор Айгүл Султанғұбиева студенттерге “Academic Time Management” тақырыбында мазмұнды воркшоп өткізді.

Кездесу барысында спикер академиялық уақытты тиімді басқарудың маңыздылығы туралы ой бөлісіп, оқу үдерісіндегі нәтижелілікті арттыру жолдарын кеңінен түсіндірді. Уоркшоп аясында уақытты жоспарлаудың негізгі қағидалары, оқу барысында жиі кездесетін қиыншылықтар, прокрастинациямен күресу тәсілдері, тиімді тайм-менеджментке арналған нақты құралдар мен әдістер ұсынды.

Студенттер күнделікті оқу кестесін дұрыс құру, басымдықтарды айқындау, уақытты тиімді пайдалану және өзін-өзі дамытуға уақыт бөлу арасындағы тепе-теңдікті сақтау жөнінде құнды ақпарат алды. Сонымен қатар қатысушыларға сұрақ-жауап форматындағы тапсырмалар беріліп, Google Calendar, Planner платформасын қолдана отырып, күнделікті және апталық жоспар құру тәсілдерін көрсетті.

Уоркшоп соңында студенттер өз ризашылықтарын білдіріп, аталған кездесу академиялық жетістіктерін арттыруға зор серпін бергенін атап өтті.

📷 Дополнительные изображения