Құттықтаймыз!
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетінің 6В04101 – «Экономика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері 2026 жылғы 17–18 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына (СҒЗЖ) қатысты. Конкурс Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы мен Самарқанд экономика және сервис институтының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
Біздің студенттер жүлделі орындарға ие болды:
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
-
ТАҢАТОВА АЙНА ӘБДЫСАЛАНҚЫЗЫ
-
НҰРҒАЛИЕВА АНАСТАСИЯ ЖАННАТОВНА
«Цифрлық трансформацияның бизнес-процестердің тиімділігіне және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне әсері» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін.
Ғылыми жетекшілер:
э.ғ.к. Утепкалиева Кансулу Мусаевна,
э.ғ.к. Адиетова Эльмира Мизамгалиевна.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
-
ҰРЫНҒАЛИЕВА БИБИНУР САКЕНҚЫЗЫ
-
УМИРОВА АМИНА АМАНБАЕВНА
«Тұтынушылар сауалнамасының деректері негізінде экологиялық таза көкөністерге сұраныстың басқарушылық талдауы (Атырау облысы мысалында)» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы үшін.
Ғылыми жетекшілер:
э.ғ.к., профессор Сабирова Рысты Қуандықовна,
э.ғ.м., сеньор-лектор Дингазиева Мейрамгүл Дүзелбайқызы.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы академиялық ортадағы маңызды шаралардың бірі болып табылады және студенттердің ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыруға бағытталған. Қатысушылар өз зерттеулерін ұсынып, өзекті тақырыптарды талқылап, Қазақстанның және шетелдің басқа да жоғары оқу орындарындағы әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Конкурс ғылыми қарым-қатынас пен ынтымақтастық үшін қолайлы орта қалыптастырып, қатысушыларға өз жетістіктерін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар ғылыми ортада жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Экономика» кафедрасына СҒЗЖ конкурсын ұйымдастырғаны және студенттер арасында білім мен тәжірибе алмасуға жағдай жасағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Біздің студенттердің жетістіктері — біздің мақтанышымыз! Оларға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!