«Жаңа Конституция – жарқын болашақ» атты гала-концерт өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Жайық-Арена мәдени-спорт кешенінде «Жаңа Конституция – жарқын болашақ» атты ауқымды гала-концерт өтті.
Мерекелік шараға 2500-ге жуық адам жиналды. Облыс әкімдігі мен серіктес ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылған кеш барысында жаңа Конституцияның ел дамуы мен қоғам өміріндегі маңыздылығы кеңінен насихатталды.
Жиында университеттің басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов сөз сөйлеп, конституциялық жаңғыртулардың білім мен ғылым саласына ықпалына тоқталды. Сонымен қатар, “AMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев және танымал ағайынды математиктер Ақерке мен Мәдина Еркіновалар қоғам өміріндегі реформалардың рөлі жөнінде ой бөлісті.
Кештің концерттік бөлімінде эстрада әншілері Нұрболат Абдуллин мен BYTANAT өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
📷 Дополнительные изображения