Media Image
27.03.2026 8

Атырау университетінде «Халел Сұлтаны – 2026» байқауы өтті

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Халел Сұлтаны – 2026» байқауы өтті

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде студент жастар арасында «Халел Сұлтаны – 2026» байқауы ұйымдастырылды. Дәстүрлі шараның мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру және жан-жақты дамыған тұлғаны насихаттау.

Байқау барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, өнерлерін, білімдерін, тапқырлықтары мен креативтіліктерін көрсетті. Әр факультеттің намысын қорғаған жігіттер көрермендерге әсерлі өнер көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін танытты.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша байқау қорытындысы төмендегідей болды:

Алғыс хатпен марапатталды:

– Экономика және құқық факультеті

– Көптілді білім беру факультеті

– Жаратылыстану ғылымдары факультеті

🥉 III орын – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті

🥈 II орын – Инновациялық білім беру факультеті

🥇 I орын – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар сахна мәдениеті мен шығармашылық шеберліктерін айқын көрсетті.

Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

📷 Дополнительные изображения