Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Академиялық адалдық лигасы сарапшыларының мониторингтік сапары жалғасты.
Бағдарлама аясында мониторингтік топтың ішкі талқылауы және растаушы құжаттармен жұмысы өтті. Лига сарапшылары тарапынан университеттің жауапты тұлғаларына чек-парақтар (чек-лист) бойынша кеңес берілді.
Кездесуге қатысушылар арасынан амбассадорлар тобы жасақталды. Чек-парақтар мен алынған ұсыныстар негізінде бұл топ алдағы жылға арналған академиялық адалдық принциптерін нығайту бойынша Университеттің алдын ала іс-қимыл жоспарын әзірлеуге кіріседі.
Мониторингтік топ сапар соңында университет ректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлымен және проректорлар корпусымен кездесіп, мониторингтің алдын-ала нәтижелерімен таныстырды.
Қорытынды тұжырымдар ресми қорытынды құжатта көрсетілетін болады.