Media Image
25.02.2026 5

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

25 ақпан күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті әскери кафедрасында Тәрбие және әскери-патриоттық жұмыстар жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар – Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, анықтаушы, әділет капитаны Амандық Серікбай Мәлікұлы, әскери полиция бөлімшесінің (алдын алу жөніндегі) офицері, әділет капитаны Мухашар Жандос Қожахметұлы және Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы қызметкерлері болды.

Шара аясында «Сыбайлас жемқорлық зардабы» тақырыбындағы қысқаметражды фильм көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері тақырыпқа сай әдебиеттерді таныстырып, олардың мазмұны мен маңыздылығына тоқталды.

Мазмұнды кездесу соңында әскери кафедра басшылығы қонақтарға Алғыс хат табыстап, өзара ынтымақтастыққа ризашылығын білдірді.