Media Image
23.02.2026 5

«IT және AI-ды оқу үдерісінде қолдану және құру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының III кезеңі өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 31 қаңтары мен 19 ақпаны аралығында «IT және AI-ды оқу үдерісінде қолдану және құру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының III кезеңі өткізілді.

Курстың мақсаты – педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық құзыреттілігін арттырып, білім беру үдерісіне заманауи IT құралдары мен жасанды интеллект технологияларын тиімді енгізу дағдыларын қалыптастыру болды.

Бағдарлама аясында тыңдаушылар Canva, Quizizz, Wordwall, LearningApps, Genially, Padlet, Google Jamboard, Miro, Stepik платформаларымен жұмыс істеуді меңгерді. Сонымен қатар электрондық портфолио құру, интерактивті тапсырмалар мен кері байланыс құралдарын әзірлеу, бейнесабақтар дайындау бағытында практикалық жұмыстар орындады.

Курсты Информатика кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Гайсина Эльвира Ғайсақызы жүргізді. Сабақтар бейсенбі және сенбі күндері ұйымдастырылып, теория мен тәжірибе ұштастырылды. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын оқу процесіне ықпалдастыру, цифрлық контент әзірлеу және заманауи білім беру шешімдерін қолдану бойынша нақты дағдыларды игерді.

Курс қорытындысында тыңдаушылар өз жобаларын ұсынып, сертификаттарға ие болды.