«PROF қадам: кураторлық және тәлімгерлік» жобасы – болашақ ұстаздардың кәсіби дамуына бағытталған маңызды бастама
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «PROF қадам: кураторлық және тәлімгерлік» жобасы сәтті іске асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты – болашақ мұғалімдердің жеке педагогикалық тәжірибесін зерттеу, мектептегі тәрбие жұмысының мәнін терең түсінуге көмектесу, олардың кәсіби шеберлігінің өсуі мен педагогикалық бастамаларын қолдау. Сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік және дипломдық тәжірибелерді ұйымдастыру үшін базалық мекемелермен серіктестікті нығайту көзделген.
Атырау университетінің педагогика мамандығының 4-курс студенттері университет оқытушыларымен қашықтықтан байланыс орната отырып, аудиториялық сабақтарын мектептердегі тәжірибелік сабақтармен ұштастыруда. Студенттер теориялық білімдерін нақты тәжірибеде қолдану арқылы мектептің оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерін меңгеріп, заманауи ұстаз болуға алғашқы қадамдарын жасауда.
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті педагогикалық мамандықты таңдаған жастарға жаңа заман талабына сай кәсіби маман болып қалыптасуына және құзыреттілігін арттыруына кең мүмкіндіктер ұсынады.
Төменде 2025–2026 оқу жылы аясында «PROF қадам: кураторлық және тәлімгерлік» жобасы бойынша тәлімгерліктен өтіп жатқан студенттеріміздің бейнематериалдары ұсынылады.