Педагогикалық қайта даярлау курстары – болашақ ұстаздарға сенімді қадам!
Педагогикалық қайта даярлау курстары педагогикалық білімі жоқ, алайда тиісті бейін бойынша кәсіптік білімі бар және педагог қызметін алғаш рет таңдаған азаматтарға арналған.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2025–2026 оқу жылында педагогикалық қайта даярлау курсына 13 білім беру бағдарламасы бойынша 83 тыңдаушы қабылданды. Қазіргі уақытта тыңдаушылар 2 семестрлік оқуды сәтті аяқтап, мектептерде педагогикалық тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында олар алған теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетіп келеді.
Тәжірибе кезінде тыңдаушылар оқу-тәрбие жұмыстарына белсенді қатысып, сабақ беру әдістерін меңгеруде. Тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен оқу жоспарын құрастырып, сабақ құрылымын жасау, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын жетілдіруде.
Педагогикалық тәжірибе болашақ ұстаздардың білім берудің жаңа технологияларын игеруіне, заманауи педагогикалық әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруына бағытталған. Осы кезеңде тыңдаушыларға әдістемелік қолдау көрсетіліп, тәжірибелі педагогтар тарапынан тұрақты кері байланыс беріледі.
Тәжірибе нәтижесінде тыңдаушылар өз мамандықтарын терең түсініп, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және білім беру саласында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуға мүмкіндік алады.
Тәжірибе аяқталған соң атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, жинақтаған тәжірибелерімен бөліседі.
📷 Дополнительные изображения