Media Image
20.02.2026 8

Атырау университетінде халықаралық кездесу өтті

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Идрисов Саламат Нұрмұханұлының Қалмақ Республикасынан келген делегациямен кездесуі өтті. 

Қонақтар қатарында биология ғылымдарының кандидаты, Б.Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің доценті Джабруева Лариса Владимировна және аталған университеттің 4 курс студенттері Татьяна Манджиева мен Цагана Бакурова болды. 

Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті. Саламат Нұрмұханұлы университет студенттеріне арналған дәрістері, нәтижелі ынтымақтастық, жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайту, кәсіби тәжірибе алмасу және оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға қосқан үлестері үшін қонақтарға алғыс білдірді.

Сонымен қатар қонақтар стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Алтынбасов Бахыт Өмірханұлымен кездесті. Кездесу барысында екі университет арасындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттары, соның ішінде оқытушылар тәжірибе алмасуы мен студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері айқындалды.

2026 жылғы 20 ақпанда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Экология” кафедрасы мен “Химия және химия технологиясы” кафедрасына биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Б.Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті медицина факультетінің химия және фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі Джабруева Лариса Владимировна қонақ дәрістер өткізді.

Дәрістер 6В05201 – «Қолданбалы экология» және 6В01507 – «Химия және биология пәнінің мұғалімі» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналды.