Media Image
20.02.2026 5

Мамандық таңдау – маңызды қадам

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Экономика және құқық факультеті, Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының сеньор-лекторлары Сәрсенова А.Б., Шаданова Л.Ж. және  кәсіби бағдар беру жұмысының жетекшісі Ергалиева К.С. №21 Ж.Жабаев атындағы орта мектептің 11-сынып түлектерімен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесуөткізді. 

Кездесу барысында оқушыларға университеттегі білім беру бағдарламалары туралы кеңінен мәлімет беріліп, «Құқықтану» мамандығының маңыздылығы, оқу үдерісініңерекшеліктері және болашақтағы кәсіби мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жоғары оқу орнындағыбілім сапасы, академиялық артықшылықтар мен студенттікөмірдің қыр-сыры таныстырылды.  

Іс-шара барысында мектеп түлектері белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық әрі еркін форматта пікір алмасты. 

 

📷 Дополнительные изображения