Media Image
20.02.2026 5

Хабарландыру!

📢 Атырау университеті мен «ZiyatTech» ЖШС бірлесіп жаңа онлайн курс ұйымдастырады!
«Робототехника және STEM» біліктілікті арттыру курсы STEM және робототехника саласында білімін жетілдіргісі келетін студенттер, мамандар мен ғылыми қызметкерлерге арналған. Курс BR28713197 «Каспий тұрақты инновациялар орталығы: өңірдің неғұрлым экологиялық болашаққа көшуі үшін баламалы шешімдерді ғылыми-академиялық ілгерілету» (2025–2027 жж.) бағдарламасының 3 бағыты аясында өткізіледі. Бағдарламаның мақсаты – өңірдің тұрақты дамуын қолдау, ғылыми-академиялық әлеуетті арттыру және жаңа инновациялық жобаларды іске асыруға жағдай жасау.
🎯 Курсқа қатысушылар STEM пәндері мен робототехника саласында заманауи технологияларды меңгереді, инновациялық білім беру әдістерімен танысады және практикалық жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Оқу барысында қатысушылар робототехника құрылғыларын құрастыру, бағдарламалау, STEM тәжірибелерін жүргізу, ғылыми зерттеу әдістерін қолдану сияқты практикалық дағдыларды дамытады. Сонымен қатар, курс қатысушылары өңірлік және халықаралық жобаларға қатысу арқылы кәсіби байланыстарын кеңейте алады. 
Курсқа тіркеліп, өзіңіздің STEM және робототехника саласындағы білім мен дағдыларыңызды кеңейтіңіз, инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігін пайдаланыңыз және өңірдің ғылыми-академиялық әлеуетін арттыруға үлес қосыңыз!
📌 Курс 23.02.2026ж бастап  онлайн форматта өтеді, бұл еліміздің әрбір аймағынан және қалааралық деңгейде қатысуға мүмкіндік береді..
📍 Ұйымдастырушылар: Атырау университеті.