Media Image
20.02.2026 6

Салық Зимановтың 105 жылдығына арналған интеллектуалдық ойын өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Экономика және құқық факультеті Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы ғалым, академик Салық Зимановтың 105 жылдығына арналған «Заң және білім» тақырыбында интеллектуалдық ойын өтті.

Әділ қазылар алқасының құрамы:

🔹Тағаев Жәрдем — Атырау облысы ПД жедел криминалистика бөлімінің бас криминалисті, полиция подполковнигі;

🔹Анжанова Айгуль — Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы;

🔹Масалимова Айгуль — Экономика және құқық факультеті деканының орынбасары;

🔹Идресова Үздік — Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты.

🔹Бақтығали Нұрлыбек-Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы.

Шараның басты мақсаты – болашақ заңгерлердің құқықтық білімін тереңдету, логикалық ойлауын дамыту және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

🥇 І орын — «Lawyers» командасы (Құқық қорғау, 201/2)

🥈 ІІ орын — «Жалын» командасы (Құқықтану, 201/1)

🥉 ІІІ орын — «Фемида» командасы (Құқық қорғау, 201/1)

Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» номинациясымен — «Law Line» командасы (Құқықтану, 201/2) марапатталды.