Media Image
13.02.2026 5

Бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектеп базасында, 11 сынып оқушылары және ұстаздарымен кездесу өтті.

 Аталған іс-шараға аудан бойынша 9 мектептен 142 мектеп түлегі қатысып, болашақ мамандықтарын таңдауға қатысты маңызды мәліметтер алды. 

Кездесу барысында университеттің факультеттері мен білім беру бағдарламалары таныстырылды. Әр мамандықтың ерекшеліктері, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, грант және ақылы негізде білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

 Сонымен қатар талапкерлердің сұрақтарына жауап беріліп, студенттік өмір туралы және білім алушыларға берілетін қосымша мүмкіндіктер кеңінен түсіндірілді.

📷 Дополнительные изображения