«Құқық қорғау саласының маманымен 1 күн жобасы»
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Заң мен тәртіп» идеологиясы жоспарына сәйкес, «Экономика және құқық» факультетінің «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен, 6В04202-Құқықтану және 6В04202-Құқық-қорғау қызметі ББ-ның студенттеріне, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне «Құқық қорғау саласының маманымен 1 күн жобасы» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикамен күрес, алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтау және тергеу тетіктерімен таныстырды.
Мамандар қылмыстарды ашуда қолданылатын заманауи әдістер, цифрлық технологиялардың рөлі, сондай-ақ болашақ заңгерлер мен экономисттерге қойылатын талаптар туралы мазмұнды ақпарат берді. Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды.
Осындай кездесулер, жастардың құқықтық сауатын арттырып, мемлекеттік қызметке оның ішінде құқық қорғау органдарына деген қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.
Ұйымдастырушыларға пайдалы әрі танымдық шара үшін алғыс білдіреміз!
📷 Дополнительные изображения