Media Image
20.01.2026 5

Практикаға бағытталған оқыту мәселелері талқыланды

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде әдістемелік декада аясында практикаға бағытталған оқыту тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Дуальды оқыту және кәсіби практиканың жаңа форматтары: тәжірибе мен мәселелер» тақырыбында өткен іс-шараға университеттің профессор-оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында Мансап және тәжірибе кеңсесінің жетекшісі Бахыткуль Джунусова мен Жаратылыстану ғылымдар факультетінің деканы Мансия Есенаманова дуальды оқыту жүйесін іске асыру кезеңдері мен тәжірибесі, білім алушылардың кәсіби практикасын ұйымдастырудың заманауи форматтары, сондай-ақ оқу үдерісінде кездесетін өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндады.

Қатысушылар еңбек нарығы талаптарына сай маман даярлауда теория мен практиканың өзара байланысын күшейту, жұмыс берушілермен серіктестікті дамыту және тәжірибеге негізделген оқыту үдерісіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.