Media Image
20.01.2026 3

Волейбол үздіктері анықталды!

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында өтіп жатқан 76-спартакиада ойындары өз мәресіне жетті.

Бүгін спартакиаданың соңғы жарыс түрі – волейбол сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Командалық бірлік пен шапшаңдықты, тактика мен төзімділікті талап ететін бұл ойында қатысушылар тартысты да әсерлі ойын өрнегін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

🥇 І орын – Инновациялық білім беру факультеті;

🥈 ІІ орын – Көптілді білім беру факультеті;

🥉 ІІІ орын – Экономика және құқық факультеті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға белсенділік пен жоғары спорттық рух үшін алғыс білдіреміз!