Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің білім беру бағдарламалары «Атамекен» ҰКП рейтингі бойынша еліміздің үздіктері қатарында
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүргізетін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының жыл сайынғы тәуелсіз рейтингінің 2026 жылғы қорытындысын жариялады.
Аталған рейтингке университетіміздің 40-тан астам білім беру бағдарламасы қатысты. Зерттеу нәтижелері бойынша Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бірқатар бағдарламалары көшбасшы орындарға ие болды.
Біздің көшбасшы бағдарламаларымыз (1–3 орындар):
6В01403 – Музыка мұғалімі, қосымша білім беру педагогы (1-орын)
6B01404 – Бейнелеу өнері және көркем еңбек (1-орын)
6В01508 – Математика және физика мұғалімі (1-орын)
6В04202 – Құқық қорғау қызметі (1-орын)
6В08401 – Балық шаруашылығы және ихтиология (2-орын)
6В01402 – Алғашқы әскери және технологиялық дайындық, дене шынықтыру мұғалімі (3-орын)
Жалпы нәтижелер:
• ТОП-3: 6 білім беру бағдарламасы
• ТОП-5: 7 білім беру бағдарламасы
• ТОП-10: 16 білім беру бағдарламасы
«Атамекен» рейтингі нәтижелері аса маңызды, себебі бағалаудың негізгі критерийлері:
• түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі,
• орташа жалақысы,
• білім беру бағдарламаларының жұмыс берушілердің өзекті сұраныстарына сәйкестігі.
Профессор-оқытушылар құрамын, студенттер мен түлектерді осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Біз сапалы білім мен бәсекеге қабілетті болашақты бірге құруды жалғастырамыз!