Көңілді эстафета мен үстел теннисінен тартысты жарыстар өтті
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері 76-спартакиада аясында спорттық сайыстарға белсенді қатысуда.
Спартакиаданың кезекті кезеңдерінде көңілді эстафета және үстел теннисі ойындары ұйымдастырылды. Көңілді эстафетада қатысушылар шапшаңдық пен ұйымшылдықты, ал үстел теннисінде дәлдік пен шеберлікті жоғары деңгейде көрсетті. Жарыстар жоғары қарқында өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🖇️ Сайыс қорытындысы бойынша:
Көңілді эстафета:
🥇 І орын – Гуманитарлық ғылымдар факультеті;
🥈 ІІ орын –Экономика және құқық және Инновациялық білім беру факультеттері;
🥉 ІІІ орын – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті;
Теннис:
🥇 І орын – Гуманитарлық ғылымдар факультеті ;
🥈 ІІ орын – Инновациялық білім беру факультеті факультеті;
🥉 ІІІ орын – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті;
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға спартакиаданың алдағы кезеңдерінде табыс, сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!
📷 Дополнительные изображения