76-спартакиада аясында бильярд сайысы өтті
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері 76-спартакиада ойындарына белсенді қатысуды жалғастыруда.
Спорттық бәсекенің келесі кезеңі бильярд сайысымен өрбіді. Дәлдік пен шеберлікті, сабыр мен стратегияны талап ететін бұл ойында қатысушылар жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті;
🥈 ІІ орын – Жаратылыстану ғылымдары факультеті;
🥉 ІІІ орын – Инновациялық білім беру факультеті.
Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға спартакиаданың алдағы кезеңдерінде табыс, жеңіс пен сәттілік тілейміз!