Media Image
14.01.2026 127

76-спартакиада: шахмат үздіктері анықталды!

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері 76-спартакиада ойындарына белсенді түрде қатысуда.

Спорттық бәсекенің кезекті кезеңі шахмат ойынымен жалғасын тапты. Зияткерлік сайыста қатысушылар логикасы мен тапқырлығын сынға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
🥈 ІІ орын – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
🥉 ІІІ орын – Инновациялық білім беру факультеті

Жеңіске жеткен командаларды шын жүректен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға спартакиаданың алдағы кезеңдерінде табыс пен сәттілік тілейміз!