Media Image
13.01.2026 97

Атырау университеті мен Әділет департаменті меморандумға қол қойды

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы бойынша Әділет департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – Заң клиникасының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау, тараптар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылға қойған стратегиялық міндеттері аясында бірқатар маңызды бағыттары бойынша атқарлылатын шараларды 2026 жылғы жұмыс жоспарына енгізу жөнінде талқыланды.
Шараға Әділет департаменті өкілдері мен Заң клиникасына жетекшілік ететін Азаматтық-құқықтық пәндер және Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Меморандумға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректоры Саламат Идрисов, ал серіктес ұйымдар тарапынан Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Гуланда Кыстаубаева қол қойды.
Сонымен қатар Әділет департаменті Заң клиникасының қызметіне әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп, нотариустарды, адвокаттарды және тәжірибелі заңгерлерді тартуға ықпал етпек. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және сапалы заң көмегін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.