ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаевпен өңір жастарының кездесуі өтті
2026 жылғы 9 қаңтар күні Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің және «Ауыл» партиясының төрағасы Егізбаев Серік Рахметоллаұлымен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың ой-пікірін тыңдап, олардың бастамалары мен ұсыныстарын талқылау. Іс-шара барысында «Ауыл» партиясы Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының «Ауыл жастары» жастар қанатының 2025 жылғы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Сонымен қатар кездесуде жастар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, оларды мазалап жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстар ортаға салынды. Пікір алмасу ашық форматта өтіп, жастардың ауылды дамытуға, аграрлық сала мен ғылымды ұштастыруға қатысты бастамалары талқыланды.
Аталған кездесуге ауыл жастары, белсенді жастар, Атырау университетінің жас ғалымдары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы бағыты бойынша ғылыми жобалардың жетекшілері қатысты.
Кездесу соңында шараға қатысушылар Серік Рахметоллаұлымен естелік суретке түсті.
📷 Дополнительные изображения