Спартакиада аясында ойындар жалғасуда
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада жалғасын табуда.
Бүгін факультеттер арасындағы футзал матчтары басталды. Командалар алаңда шеберліктерін көрсетіп, бір-бірімен тартысты ойында бақ сынады.
Жарыстың нәтижесінде Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Инновациялық білім беру факультеті, сондай-ақ Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті жартылай финалға жолдама алды.
Финалдық кездесулер ертең өтеді. Барлық университет ұжымын командаларды қолдап, жанкүйер болуға шақырамыз!