Кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 9 қаңтар күні Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Индер ауданының 11-сынып оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында университеттің әр факультеті бойынша білім беру бағдарламалары, мамандықтардың ерекшеліктері, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, грант және ақылы негізде білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, талапкерлердің қойған сұрақтарына жауап беріліп, университеттің материалдық-техникалық базасы, студенттік өмірі мен қосымша мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.