Media Image
09.01.2026 118

Баскетбол жарысының жеңімпаздары анықталды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі 76-спартакиада жалғасуда!

Іс-шара ұжым бірлігін, достығын одан әрі берік ету, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бірнеше спорт түрі бойынша ұйымдастырылуда. 

Спартакиада аясында өткен баскетбол жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті
🥈 II орын – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
🥉 III орын – Инновациялық білім беру факультеті
🏅 IV орын – Жаратылыстану ғылымдары факультеті
🏅 V орын – Көптілді білім беру факультеті
🏅 VI орын – Экономика және құқық факультеті

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтай отырып, спартакиаданың келесі кезеңдеріне сәттілік тілейміз!